Оқулықпен толық қамтылады

Аудандағы 33 мектеп жаңа оқу жылына толық дайын. Жергілікті бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, мектептерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Биыл педагогтар қатары он бір жас мұғаліммен толықты. Оларға қаржылай қолдау көрсетіледі. Бізге математика, физика, ағылшын тілі пәндерінің оқытушылары жетіспейді.Үш тілде оқытуға көшу кезең-кезеңмен жүргізілмек. Жоғары сыныптардағы химия, физика және биология пәндері ағылшын тілінде оқытылады. Қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі тәрізді ағылшын тілін оқытудың қазіргі заманғы әдістемесі енгізіледі. Бұл әдістеме бастауыш білімнің жаңартылған мазмұнына енген және биылғы жылдың
1 қыркүйегінен бастап 1-ші сыныпта қолданылады. Жаңа әдістеме бо-йынша жасалған оқулықтар дайын, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері арнайы оқудан өтті. Келесі жылдан бастап аталмыш әдістемені 2,5,7 сыныптарға енгізу жоспарлануда. Осыған орай ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері тиісті біліктілікті арттыру курсынан өтеді. Қазақстан тарихы пәні барлық мектептерде қазақ тілінде оқытылады. Бұл бағытта ауданда мұғалімдер жеткілікті. Казгородок мектебіндегі биология пәнінің мұғалімі былтыр өз пәнін ағылшын тілінде жүргізді. Өзге мұғалімдерді білімін жетілдіру курсына жібереміз. Биыл Мақпал ауылындағы негізгі мектеп пайдалануға берілмекші. Мұнда 80 оқушы білім алады. 1-6 жас аралығындағы балалардың 61 пайызы балабақшаға барады.
Міндетті мектеп формасының талаптары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген еді. Мектеп формасын енгізу туралы шешімді қабылдау барысында мектеп басшылығы мен ата-аналар осы талаптарға назар аударды. Әрбір мектептің ұжымы ата-аналармен келісе отырып, жаңа оқушы формасын таңдайды. Қазақстан бо-йынша бірыңғай мектеп формасы енгізілмеген. Ата-аналар мектеп формасын тігетін кәсіпорынды немесе оқушы формасын сататын сауда орнын өздері таңдайды.
Биыл бірыңғай базадағы оқулықтар енгізілмекші. Бұрын әр өңір әртүрлі базадағы оқулықтармен оқытылып келеді. Бірыңғай оқулық республиканың барлық оқушыларының білім деңгейін теңестіруге жағдай туғызады. Сондай-ақ, ол бюджеттік қаржыны үнемдеуге, оқулықтарды жергілікті жерлерге жеткізу жылдамдығын арттыруға, оқулықтардың мазмұнын үнемі жақсартуға және қосымша сандық ресурстармен онлайн қолдануды қамтамасыз етуге жол ашады. Бірыңғай базалық оқулықтар 2016-2017 оқу жылынан бастап Қазақстанның барлық мектептеріне ене бастайды. Бұл оқулықтар жаңартылған мазмұнға көшу кестесіне сәйкес енгізіледі. Мектепте пайдалануға рұқсат берілген қосымша әдебиеттердің тізімі кеңейтіледі.
Ауданда оқулыққа қатысты мәселе туындамайды. Сегіз баспамен келісім-шарт жасалды. Балалар оқулықтармен толық қамтамасыз етілетін болады.
1 қыркүйекте оқушылардың бәріне барлық кітап таратылады. Оқушы санының аздығынан Ш. Уәлиханов пен Жаңалық ауылдарындағы бастауыш мектептері жабылмақ. Жаңалық ауылының оқушыларын Амангелді мектебіне тасымалдаймыз. Ол үшін арнайы көлік пен жанар-жағармай қарастырылған. Олардың қасында мұғалім жүреді. Мектепте ыстық ас беріледі.

Руслан ӘБДІКЕНОВ,
аудандық білім бөлімінің
басшысы.

Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар