Мемлекеттік тіл – тәуелсіздіктің жемісі

Көкшетау қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, облыстық әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздіктің нышаны» тақырыбында байқау болып өтті.

 

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, әрбір жастың бойында тілге деген сүйіспеншілікті арттыру, мемлекеттік тілді үйренуге деген ынта-жігерді күшейту мақсатында ұйымдастырылған сайысқа облыстағы халыққа қызмет көрсету, әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталықтары мен жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменттерінің мамандары қатысты.
Байқау әдеттегідей қатысушылардың өзін-өзі таныстыруынан басталып, мақал-мәтел айту жарысы, өнер сайысы, интеллектуалдық сұрақтар, мәтінді аудару секілді кезеңдермен жалғасты. Әр кезеңдегі тапсырмаларды орындау барысында қатысушылардың таным-түсінігі мен білім деңгейінің және байқауға келгендегі дайындықтары мен жауапкершіліктері көзге көрініп-ақ тұрды. Бұл ретте, Жақсы ауданынан қатысқан  Эльмира Комякованы ерекше атап өткен жөн. Қазақшаға судай қыздың тіл үйренудегі талабына жиналған қауым риза болды.
Қазылар алқасының қорытындысы бо-йынша жүлделі бірінші орын жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің жетекші маманы Әлия Көлбаеваға берілді. Екінші орынға Көкшетау қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығының  №1 бөлімінің инспекторы Гүлсара Айтмағанбетова ие болды, ал, халыққа қызмет көрсету орталығының Ақкөл аудандық бөлімінің инспекторы Жансая Қырықбаева үшінші орыннан көрінді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар