Шағын орталықтағы мереке

Конституция күні қарсаңында Ата Заңымызбен таныстыру,  өз елінің, жерінің жетістіктеріне сүйсіне білуге тәрбиелеу мақсатында Станционный кентіндегі «Бота» шағын орталығында тәрбие сағаттары мен мерекелік ертеңгіліктер өтті.

Ортаңғы топтың бүлдіршіндері  Отан туралы тақпақтарды мәнерлеп оқып, өлеңдерін  айтып, ұлттық ойындар ойнаса, сәбилер тобының сүйкімді бүлдіршіндері  «Ақ көгершін» биін билеп, көрермендердің қошеметіне бөленді.
Шараны өткізу барысында тәрбиеленушілер Қазақстан Республикасының  Конституциясы күні туралы тереңірек мағлұмат алып,  еліміздегі әрбір баланы біздің мемлекетіміз өз қамқорлығына алатынын, олардың да құқықтары бар
екенін білді.

Айнаш ЖӘКЕНОВА, Әсел ЖҮНІСОВА,
«Бота» шағын орталығының тәрбиешілері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар