Халықаралық көрмедегі табыс

Астана қаласында өткен 13-ші халықаралық «Astana Leisure 2016» туристік көрмесіне қатысқан жерлестеріміз халықаралық ITECA компаниясының «Ең үздік көрме экспозициясы» дипломына ие болды.

Биыл он үшінші рет өткізіліп отырған туристік көрме жыл сайын өтетін дәстүрлі шараға айналған жайы бар. Бұл шара еліміздің туризм саласының дамуына, шетелдік туристік фирмаларды тарта отырып, демалушылардың көптеп келуіне жағдай жасауда. Биылғы көрмеге жүзге тарта елдің туризм саласының өкілдері қатысты. Олардың арасында Венгрия, Вьетнам, Германия, Грузия, Индия, Ресей, Словения, Түркия, Украина, Қытай сияқты елдердің туристік фирмалары бар. Көрмеде қазақстандық  туристік фирмалар 350 шаршы метр алаңға өз экспозицияларын қойды.
Ақмола облысының 27 фирмасы өздерінің ақпараттық-жарнамалық материалдарын көрме арқылы насихаттауға мүмкіндік алды. Ақмолалық фирмалар көрме барысында 20 мыңнан астам баспа және электрондық жарнамалық өнімдер таратты. Олардың қатарында жол көрсеткіштер, буклеттер, плакаттар, күнтізбелер мен журналдар және сыйкәделік бұйымдар бар. Облыстың туристік фирмалары көрме шарасы барысында туристік бизнеске қатысты әлеуетті әріптестермен 300-ге тарта байланыс рәсімдерін жасады. Сондай-ақ, «Зеленый бор», «Қазақстандық лапландия», «Визит орталық» сияқты шипажайлар мен демалыс кешендерінде тегін демалуға арналған лоторея ойындары ойналды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар