Бекбол – күміс жүлдегер

Ресейдің Оренбург қаласында ерлер мен әйелдер арасында белбеу күресінен әлем кубогы сарапқа салынды.

Бұл жарысқа Ресей, Армения, Әзірбайжан, Австралия, Қазақстан, Эстония, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Швеция, Грузия, Франция және басқа да мемлекеттер қатысты. Қазақстан құрама командасының сапында 82 келі салмақта сынға түскен Целиноград ауданының балуаны Бекбол Нұрланұлы ақтық сында ресейлік атлет Мурат Татаркуловқа есе жіберіп, күміс медальмен марапатталды.
Бекбол спорттың осы түрін әкесі Нұрланнан үйренуде. Қазақстанда өз салмағы бойынша топ жарып жүрген ол бірнеше халықаралық жарыстардан жүлдемен оралып жүр. Бекбол Нұрланұлының 2013 жылы белбеу күресінен әлем чемпионы атанғанын да айтып өткен ләзім.

Қоржын толы медаль

Өскемен қаласында ауыр атлетикадан өткен ел чемпионатында ақмолалық зілтемір көтерушілер қоржын толы жүлдемен оралды.

Бұл жолы 63 және 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Фаина Сиванбаева мен Анна Нұрмұхамбетоваға алтын медаль бұйырды. Юлия Жукова екінші, ал, Бота Қалымова (+75 келі) үшінші жүлдегер атанды.
Ерлер бәсекесінде 77,85 және 105 келі салмақтарда облыс намысын абыроймен қорғаған Жасұлан Қалиев, Ербол Мейірманов және Сергей Райлян қола медальмен қуантты. Қалған спортшылар жүлдегерлер санатынан көрінбесе де мол тәжірибе жинақтай алды.
Өскеменде өткен ел біріншілігі мен ел кубогы бәсекесіне 136 ауыр атлет қатысты. Сөйтіп, бұл сайыста республика бойынша 15 жаңа чемпион жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілгенін айтып өткен ләзім.

«Astana Arlans» сапында – 4 ақмолалық боксшы

Қазақстанның бетке ұстар былғары қолғап шеберлері Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) бойынша 5 маусымға дайындықты бастап жіберді. Боксшылардың жаңартылған құрамы мен білікті бапкерлер Бүкіләлемдік бокс академиясында жаттығу жасауда. «Astana Arlans» командасының құрамына біздің облыстан Теміртас Жүсіпов (49 келі), Нұрсұлтан Қосшығұлов (56 келі), Нұрдәулет Жарманов (81 келі) және Алмат Серімов (91 келі) еніп отыр.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар