Мемлекеттік техникалық қадағалау қызметі көрсетіледі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткен жылы «Техникалық инспекциясы бойынша мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы»  бұйрыққа қол қойған болатын.

Осы бұйрықпен бекітілген стандарттың негізінде Көкшетау, Степногорск қалалары мен аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдерімен тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, олардың тіркемелерін, арнайы қондырғы орнатылған тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылысы машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ, қозғалыс мүмкіндігі жоғары арнайы көліктерді жыл сайын мемлекеттік техникалық қадағалаудан өткізу үшін мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Бұл қызметті қызмет берушінің кеңсесіне өтініш беру арқылы қағаз түрінде сондай-ақ, www.e.gov.kz немесе www.elicense.kz  «электрондық үкімет» веб-порталына өтініш беріп алуға болады. Мемлекеттік қызмет құжаттар пакетін қызмет берушіге тапсырған күннен немесе портал арқылы хабарласқан кезден бастап он бес жұмыс күнінің ішінде көрсетіледі. Сондай-ақ, құжаттар пакетін жарты сағаттың ішінде тапсыруға болады.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. Аталмыш қызметті алу үшін қызмет алушы немесе қолында сенім хаты бар оның өкілі бекітілген формадағы өтініш, техникалық паспорт, бекітілген формаға сәйкес, машинаның мемлекеттік техникалық қадағалау актісіне енгізу үшін машина жөнінде мәлімет тәрізді құжаттар ұсынуы тиіс. Ал, порталға жүгінген жағдайда нақты стандарттың қосымшасына сәйкес, электрондық құжат формасындағы өтініш пен техникалық паспорт, заңды тұлға немесе қызмет беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәлік пен құжат мәліметін алады.
Қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған жағдайда қызмет беруші қағаз түріндегі өтінішті қабылдауды бекіту оның көшірмесінде құжаттар пакетін қабылдаудың датасы мен уақытын көрсету болып табылады. Порталға жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қабылданған өтінім жөнінде белгісі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті берушінің немесе оның лауазымды тұлғасының  мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша қабылдаған шешімі көңіліңізден шықпаған жағдайда сіз тиісті мемлекеттік орган басшысының атына шағым бере аласыз. Шағым жазбаша түрде пошта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жағдайда электронды түрде беріледі.
Сондай-ақ, жұмыс күндері қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. Шағымда жеке тұлға өзінің аты-жөнін, пошта мекен-жайын, заңды тұлға кәсіпорнының атауын, пошта мекен-жайын, шағымның нөмірі мен датасын көрсетеді. Бұл құжатқа қызмет алушы қолын қояды. Шағымды қабылдауды бекіту оны қабылдаған қызмет беруші кеңсесіндегі тұлғаның аты жөні (мөрі, кірген нөмірі мен датасы) тіркеуі болып табылады. Берілген шағымға жауап берудің мерзімі мен орны көрсетіледі. Қызмет берушіге келіп түскен шағым оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижесі жөніндегі жауап қызметті алушының поштасына жіберіледі немесе  қызмет берушінің кеңсесіне қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген жағдайда шағым беру тәртібі жөніндегі ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы  алуға болады. Өз кабинетінен қызмет берушінің порталы арқылы электрондық құжатты жіберу кезінде қызмет берушінің құжатын өңдеу барысында жаңартылған құжат жөніндегі (өтініштің жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, шағымның қаралғаны немесе шағымды қараудан бас тартылғаны туралы жауап) ақпарат қолжетімді. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізімі мен тәртібі жөніндегі толық ақпарат облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының «Мемлекеттік қызмет» тармағындағы www.ush.akmo.kz ресми сайтында орналастырылған.
Максим ГАЦАНОВ,
облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының бөлім басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар