Жүрекке жақын қорғаннан келді

Бұл іскерлік байланыстың алғашқы қадамы Қорған қаласында өткен «Зауралье-2014» туристер көрмесіне Ақмола облысы делегациясының қатысуынан басталды.

Көрмеде біздің  облыстық туризм басқармасы «Үздік көрме экспозициясы үшін» арнайы сертификатымен марапатталды. Енді міне, өңірімізге «Денсаулық» курорттық шипажай бірлестігі» ірі туристік компаниясының басшысы Н.Краснова, «Сібір» бизнес компаниясының директоры Вургун Агаев, тағы басқа ірі инвесторлар келді. Олар Қазақстанмен бірлесе жұмыс істеуді ниет етіп, курорттық өңірдегі жобаларға өз қаржыларын салмақшы.
Меймандар атақты бүркітші Мәсіп Батырханұлын еске алуға арналған  қыран саятшылардың республикалық чемпионатын тамашалады. Көптеген көрермендермен бірге қорғандық меймандар Атырау, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды және өзге облыстардан келген құсбегілер  жарысын көріп, сүйсініс танытты.
Жеңіске дәмелі 18 саятшы құспен аң аулау біліктілігінің жоғары шеберлігін көрсетті. Бұдан кейін Қорған облысының делегациясы ақпараттық-жарнамалық тур бағдарламасы бо-йынша күрделі жөндеуден өткен «Елікті» шаңғы базасында болып, кешеннің материалдық базасымен танысты. Сапар  Бурабай курортын аралаумен жалғасын тапты. Мұнда қонақтар  қазақстандық Лапландияны, Абылай хан алаңын, музей кешенін өз көздерімен көрді. «Алмас» шипажайы, «Rixоs», «Айнакөл», «Әлем», өзге де мейманханалардың жоғары сервистік қызметімен танысты. Меймандар екі облыс арасында туризмді өркендету бағытын ұстанып, ынтымақты байланыс орнайтындығына зор сенім білдірді.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар