Жарайсың, Рамазан!

Қостанай қаласында самбодан өткен республика біріншілігінде Степногорск қаласындағы Бөгенбай батыр атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектебінің түлегі, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетінің үшінші курс студенті, Ерейментау қаласының тумасы  Рамазан Мағұрыпов жеңіс тұғырына көтеріліп, жүлдегер атанды.

Қарсыластарының бәрін қапы қалдырып, жеңіске жеткен Рамазан алтын медальмен және арнайы дипломмен марапатталып, оған қоса спорт шеберінің куәлігін алды. Оның бұл жетістігіне бала кезінен спортқа баулып, күрестің айла-тәсілдерін үйреткен алғашқы бапкері Самат Тілеубергеновтың қосқан үлесі аз емес екені анық. Бүгінде жетпістен астам балаға тәлім-тәрбие беріп жүрген Ерейментау балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бапкерінің арманы республика және әлем чемпиондарын тәрбиелеп шығару десек,  шәкірті оның бұл үмітін ақтап, ел чемпионы атанды.  

Нұрлыбек МҰРАТБЕКҰЛЫ.

Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар