Жұмыс – басты мәселе

Қазіргі нарық жағдайында тұрақты жалақысы бар жұмыс табу маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Бұл бағытта мемлекетіміз мақсатты жұмыстарды көздеп, арнайы бағдарламалар қабылдағаны да белгілі. Соның бірі «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы.

Адамдарды жұмысқа орналастырудың барлық қырларын қамтитын аталмыш бағдарлама аясында көп тұрғындар еңбекке орналасып немесе өз кәсібін ашып, тұрмыс жағдайларын түзеуге мүмкіндік алуда.Биылғы жылдың өткен он айы ішінде  еңбекпен қамту орталығына жұмыс сұрап келген  225 адам жұмысқа орналастырылды.  Олардың 137-сі тұрақты жұмысқа орналастырылса,  88 адам уақытша жұмыспен қамтылды. Жұмыс сұрап келгендердің қырық пайыздайы жастар екендігін атап өткен артық болмас. Осы бағдарлама аясында жастарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарына оқуға жіберіп, мамандық алуларына жағдай жасалады. Оқу тегін жүргізіледі.  Осылайша мамандық алған жастардың бәрі дерлік жұмысқа орналасып, тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Ауданда жұмыссыздыққа қарсы күрес бағытында мақсатты және жос-парлы жұмыстар жүргізіледі. Биылғы жылы инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту шеңберінде адамдарды жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 256,5 миллион теңге қарастырылып, 17 жоба жүзеге асырылды және бұл қосымша 97 жұмыс орнын ашуға жағдай жасады. Білім саласында 196,2 миллион теңгенің сегіз жобасы, мәдениет саласында   7,6 миллион теңгенің екі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 36 миллион теңгенің  алты жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жобалардың бәрі қосымша жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.
Жұмыссыздыққа қарсы күрес бағдарламасында адамдардың жеке кәсібін ашуға жағдай туғызудың мәні зор. Осы орайда, биылғы жылы «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру» бағдарламасы аясында жалпы көлемі 120 миллион теңге болатын  40 өтініш берілген еді. Бүгінгі күнге дейін 30 өтініш қанағаттандырылып, 67,3 миллион теңге жеңілдетілген несие берілді. «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы кәсіпкерлік білім алған тоғыз адам сертификатқа ие болды. Несие алған тұрғындардың бәрі өз кәсібін ашып, өздерін ғана емес, отбасы мүшелерін, басқа да адамдарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік алмақ. Жастарды жұмыспен қамтуға игі ықпалын тигізетін «Жастар тәжірибесі» жобасы аясында он алты адам еңбекке орналасты.
Жалпы алғанда, ауданда адамдарды еңбекке орналастыру бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылып келеді. Оның нақты нәтижесі – жұмыссыздық деңгейінің жылдан жылға төмендеуінен анық көрінеді.

Елена КАРПОВА,
аудандық еңбекпен қамту орталығының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар