Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин: Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин:Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин: «Жолдауды іске асыруға лайықты үлесімізді қосамыз»

Былтырдан бері Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде облыс әкімдерінің өз аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен брифингтер өткізулері дәстүрге айналып келеді. 
2014 жылғы 23 желтоқсанда осындай кезек Ақмола облысына да келіп, өңір басшысы Сергей Кулагин журналистер алдында астаналық облыстың соңғы жылдары, соның ішінде биылғы жылы қол жеткізген табыстары, Елбасы Жолдауында атап көрсетілген міндеттерді орындаудағы тың ізденістері мен ұмтылыстары туралы кеңінен баяндап берді. Облыс әкімінің ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, білім, тағы басқа да салалардағы істің жайын кеңінен қамтып, мұқият сөйлеген сөзінен өңірде қай салада болсын, айқын ілгері басушылықтың бар екені жан-жақты көрініс тапты.
Брифингке қатысқан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері алдымен, облыстың бүгінгі тыныс-тіршілігі, Елбасы тапсырмаларын іске асыру жолындағы серпінді қадамы жете көрініс тапқан арнайы көрмені тамашалап, баяндама барысында әр саладағы істің жайын LSD  экрандардан бейнекөрсетілімдер арқылы слайд түрінде көріп отырды. Мұның өзі жиналғандарға  облыстағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы неғұрлым кең түрде мол мағлұмат алуға мүмкіндік берді.

Облыс әкімі Сергей Кулагин брифингтегі өз сөзін Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты ел халқына арнаған биылғы  Жолдауында алға қойылған міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыру үшін Ақмола облысында барлық қажетті мүмкіндіктердің бар екендігінен бастады.  Оған облыстың 11 айдағы даму көрсеткіштері айқын дәлел. Ақмола облысы өнеркәсіптің нақты көлемінің индексі бойынша республикада 105,6 пайыздық көрсеткішпен бірінші орыннан көрініп отыр. Қолда бар мүмкіндіктер белгіленген жылдық индикатордың 106 пайызға орындалуын қамтамасыз ете алады.
Бұдан кейін ауыл шаруашылығына ойысқан өңір басшысы бұл саладағы  өсімнің 102,9 пайызды құрайтынын атап өтті. Мұндай жағымды құбылыс егіншілікте 102,3 пайыз, сондай-ақ, мал шаруашылығында 105 пайыз қамтамасыз етілді. Орта және шағын бизнес субъектілері өнім көлемі мен көрсетілетін қызметтерді 9,2 пайызға арттыра алды.
Облыс экономикасына 151 миллиард теңге инвестиция құйылып, өсім 30 пайызға жетті. Соған сәйкес құрылыс жұмыстарының көлемі де артып отыр. Бөлшек тауар айналымы 116,5  пайызға дейін ұлғайды.
Инфляция деңгейі белгіленген өлшемнен аспай, 6,9 пайызды құрады.
Бұдан әрі облыс әкімі экономика саласында қалыптасып отырған жедел қарқын мен өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты атап көрсетіп, осының бәрі халықты жұмыспен қамтуға оң септігін тигізгеніне тоқталды. Қол жеткізілген осынау жетістіктер жыл қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімдердің нақтылы өсімін 106 пайызға жеткізетін болады.
Елбасының жаңа Жолдауында атап көрсетілген инфрақұрылымды дамыту жос-пары үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылатын екінші бесжылдыққа тиесілі болып отыр. Облыс бойынша бірінші бесжылдық жоспардың жүзеге асырылуының нақтылы көрсеткіштері қолда бар, әрі ол көрсеткіштер жаман емес. Индустрияландыру картасы аясында 105,6 миллиард теңгенің 46 жобасы жүзеге асырылып, 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылды. Іске қосылған кәсіпорындардың ішінен 32-сі дайын өнімдер өндірсе, соның 19-ы жоғары қосымша құнмен жұмыс істейді. Жалпы өңірлік өнімдер құрылымында өңдеуші кәсіпорындардың үлесі 9 пайыздан 14 пайызға дейін, инновациялық белсенділік деңгейі 1,2 пайыздан 7 пайызға дейін артып отыр.
Әрі қарай биылғы жылы тұрғын үй құрылысы комбинаты пайдалануға берілгенін тілге тиек еткен өңір басшысы журналистерге 25 желтоқсан күні өтетін телекөпірде Степногорск қаласындағы күкірт қышқылы зауыты іске қосылатынын хабарлады. Кәсіпорынның Индустрияландыру картасына қосатын үлесі 35 пайызды құрамақшы.
Индустрияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асыру экономиканың тұрақты дамуына бағытталған бағыттардың одан әрі өрістеуімен тікелей байланысты болып отыр. Қазіргі таңда Еңбекшілдер
ауданында ірі цемент зауытының, Степногорск қаласында алтын өңдеу фабрикасының, Зеренді ауданында каолин тау-кен байыту комбинатының құрылыстары жүргізілуде. Бұл жерлерде 900-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылмақшы. Инвестициялық портфельде Индустрияландыру картасына қосылатын жалпы көлемі 119 миллиард теңгені құрайтын 79 келешегі зор жоба бар.
Осы орайда, аграрлық саланы дамыту облыс экономикасының басымдылық берілген әрі стратегиялық маңызы зор бағыттарының бірі екендігін және аймақта азықтық бидайдың жалпы республикалық көлемінің төрттен біріне жуығы өндірілетінін айтпай болмайды. Үстіміздегі жылы ауа райының қолайсыздығына қарамастан, облыстың ауыл шаруашылығы еңбеккерлері 5 миллион тоннаға жуық астық жинағаны айтуға тұрарлық нәтиже. 
Брифингте мал шаруашылығында да ілгері басушылық бар екені атап өтілді. Шаруашылықтың барлық құрылымдары мал және құс санын көбейтуде, өнім көлемі де молаюда. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, экспортқа шығарылатын ет көлемін көбейту үшін облыс «Сыбаға» бағдарламасына белсенді араласып келеді. Мал сатып алу жөніндегі 2011-2015 жылдарды қамтитын қосымша бесжылдық жоспар қазірдің өзінде 97 пайызға орындалып отыр. Жоспар бойынша 17,2 мың бас мал сатып алу керек болса, қазір 16,7 мың бас мал сатылып алынды. Облыста мал бордақылау үшін 31 бордақылау алаңы ұйымдастырылған. Қазіргі күні ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы еттік бағыттағы ірі қара малдың үлес салмағы 80 пайызды құрайды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу басымдық берілген бағыт бойынша дамуда. Облыстағы индустриялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін жаңа өнім өңдейтін өндірістер құрылуда. Олардың арасындағы ірі ет өңдейтін кешен – «Астана Агропродукт» ЖШС Ресей нарығына ет және ет өнімдерін шығаруда. Сондай-ақ, жылына 200 мың тонна өнім өңдейтін «КМЗ «Молоко Синегорья», «Еко Милк», «Милк Прожект», «Агрофирма «Родина», «Көкшетау балалар тағамын дайындау зауыты» серіктестіктері сияқты 5 сүт зауыты қарқынды жұмыс істеуде.
Облыс үшін Астана қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құруға белсенді атсалысу үлкен мәртебе екендігін атап көрсеткен облыс әкімі бұдан әрі бәсекелестік шартына орай осы өнімдердің бағасы мен сапасына да жіті көңіл бөлініп отырғандығына тоқталды. 
– Бүгінгі күні біз Астананы ұн және жұмыртқамен 100 пайыз, картоппен 93 пайыз, ет және ет өнімдерімен 46  пайыз, сүт өнімдерімен 40 пайыз, көкөніспен 33 пайыз қамтамасыз етіп отырмыз. Астанадағы әлеуметтік деңгейдің өсуі Елбасы атап айтқанындай, шағын және орта бизнестің дамуына тікелей байланысты. Бүгінде облыс тұрғындарының экономикалық белсенді тобының 30 пайызы кәсіпкерлік саласында жұмыс істеуде, – деп атап көрсетті Сергей Кулагин өз сөзінде. Одан әрі облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктің жай-күйіне талдау жасалды. Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында жалпы көлемі 14 миллиард теңгені құрайтын 300-ден астам жоба қолдау тапқан.  Оның 78-і биылғы  жылдың үлесінде.
Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында маңызды саланың бірі туризм инфрақұрылымын дамыту екендігін баса айтқан болатын. Облыс әкімі брифингте ақмолалықтардың осы орайдағы мүмкіндігі өте зор екендігін мәлімдеді. 2014-2016 жылдары аралығында Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту жоспарының 47,6 миллиард теңгеге қаржыландырылатын екінші кезеңі жүзеге асырылмақшы. Туризмді одан әрі дамытуда және бұл салаға серпін беруде Зеренді, Қорғалжын, Сандықтау аудандарының табиғат мүмкіндігі мол. лдауға ие болып, қарқынды дамудың даңғыл жолы ашылды. Үстіміздегі жылы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 32 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл 1400-ден астам  жаңа пәтер. Оның ішінде  жалға берілетін 15 тұрғын үй, тұрғын үй құрылысы жинақтау банкісі арқылы несиеге берілетін 9  тұрғын үй бар. Жекеменшік сектор есебінен 800 жеке тұрғын үй салынғанын да айта кету керек. Жыл ішінде барлығы 268 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Сөйтіп, 2,5 мың отбасы өздерінің баспана мәселесін жақсартады.
Облыс әкімінің сөйлеген сөзінде сонымен бірге, өмірлік маңызы бар жол-көлік инфрақұрылымының қалыпты жұмыс істеуі  маңызды бағыттың бірі екені атап көрсетілді. Кешенді жоспар шеңберінде Астана маңындағы 5 елді мекен тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етілді, 169 шақырымды құрайтын
электрмен жабдықтау желісі салынды, 8 электр қуатын бөлетін подстанция пайдалануға беріліп отыр.
Облыста электр қуатының баламалы түрін дамытуға да баса көңіл бөлінуде. Целиноград ауданында қуаты 750 килоВат жел генераторы жобасы қолға алынса, Ерейментау ауданында қуаты 45 Мвт жел электр станциясының құрылысы жүргізілуде. Облыс тұрғындарын таза ауыз сумен қамтуға арналған «Ақбұлақ» бағдарламасы шеңберінде үстіміздегі жылы 17 жоба жүзеге асырылды, ал, 14 жоба тағы қолға алынуда.    Бір орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтаудың деңгейі 87 пайызға жеткен.
Осының бәрін айта келе,  өңір басшысы автокөлік жолдарын дамыту үшін 6,5 миллиард теңге бөлініп, жергілікті мәндегі 83 шақырым жол күрделі жөндеуден өткізгенін де назардан тыс қалдырмады. Аудан орталықтарын жолаушылар тасымалы инфрақұрылымымен қамтамасыз ету үшін 2020 жылға дейін 6 автостанция және 4 жолаушыларға қызмет көрсету пунктін салу жоспарланып отырғаны да журналистер көңілінен шыққаны анық. 
Өңірде газбен жабдықтауды дамыту және лифт шаруашылығын қалпына келтіруге баса көңіл бөлініп отыр. Көкшетау қаласында газбен жабдықтау бойынша 2014-2016 жылдарға арналған  арнайы бағдарлама жүзеге асырылып, 184 газ тарату қондырғысы қалпына келтірілуде. Лифтілерді ауыстыру және жөндеу бойынша осындай үш жылдық бағдарлама әзірленуде. Әзірше қолда бар 342 лифтінің 114-і  ғана жұмыс істейтіндігін де айта кетпесе болмайды. 
–Бүгінгі таңдағы бірінші кезектегі міндет өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі факторы ретінде халықты жұмыспен қамтудың тиімділігін арттыру болып табылады, – деді одан әрі облыс әкімі брифингте сөйлеген сөзінде. – Биылғы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасына үш мың ақмолалық қатысты. Өз ісін ашу мақсатында 418 адамға 1 миллиард теңге мөлшерінде шағын несие берілді.  Мыңнан астам адам әлеуметтік жұмысқа орналастырылды, 749 жас маман жастар тәжірибесінен өтуге жіберілді. Осындай шаралардың арқасында жұмыссыздық 5 пайызға кеміді.
Бүгінгі таңда облыста мектеп жасындағы балалардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде апатты мектептердің мәселесі толығымен шешілді. Апатты мектептердің алдын алу мақсатында үш жылдық бюджетте Аршалы ауданы 1 мектептің және Қорғалжын ауданында 2 оқу тәрбие кешенінің құрылысы қарастырылған, Бұланды ауданында 1 мектепті қайта қалпына келтіру, Еңбекшілдер, Қорғалжын және Сандықтау аудандарында 4 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр.
Сонымен қатар, облыста 3400 оқушыға арналған 14 мектептің, 914 оқушыға арналған  қосымша ғимараттың құрылысы қолға алынуда.  Ал, үш ауысымда білім беретін мектептер проблемасына келетін болсақ, бүгінде облыста мұндай мектептің өзі  біреу ғана қалып отыр, ол  Целиноград ауданындағы Тайтөбе селосында орналасқан. Қазір бұл мәселе мұнда бастауыш сыныптарды уақытша бала бақша ғимаратына орналастыру арқылы шешіліп отыр. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін 2015 жылы 300 орындық жаңа мектептің пайдалануға берілуімен бұл мәселе  толық шешімін табады.
Облыс әкімі брифингте атап көрсеткеніндей, мектеп жасына  дейінгі мекемелердің тапшылық мәселесі де біртіндеп шешілуде. Биылғы жылы екі мың орынға арналған осындай 28 ғимарат пайдалануға берілді. 2015 жылы тағы да осындай үш мың орындық 33 бала бақша ашылмақшы. Оның пайдалануға берілуімен  бүлдіршіндердің 93 пайызға жуығы мектеп жасына дейінгі мекемелермен қамтылмақшы.
«Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде биыл 23 денсаулық сақтау нысаны іске қосылды. Олар 2 аудандық емхана, 1 аудандық аурухана, 12 дәрігерлік амбулатория, 7 медициналық пункті мен фельдшерлік-акушерлік пункті. Медициналық қызмет көрсету деңгейінің жақсаруы негізгі  көрсеткіштердің де толымды болуына  септігін тигізуде. Облыста табиғи өсім 26 пайызға арта түссе, нәрестелердің шетінеуі 42 пайызға, туберкулез ауруы 8 пайызға, онкологиялық аурулардан қайтыс болғандар саны12 пайызға азайып отыр.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық инфрақұрылымдарды дамыту бойынша қолға алынған іс-шаралар да аз емес. Биылғы жылы облыс орталығында жаңадан теннис орталығы салынып,  пайдалануға берілді. Жүзу бассейндерінің саны  артып,  дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің ауқымы кеңейе түсуде. Осы ретте, облыс әкімі тек биылғы жылы ғана Көкшетау қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Достық үйінің ашылуын облыс көлемінде өткен маңызды оқиғалардың біріне балады. Сондай-ақ, тың және тыңайған жерлерді  игерудің 60 жылдығының да ойдағыдай мерекеленуі облыс тыныс-тіршілігіне тың серпін бергені анық.
Брифинг барысында алда тұрған іргелі міндеттер мен саяси маңызы зор оқиғаларға тоқтала келе, облыс әкімі ақмолалықтардың келесі жылы атап өтілетін Қазақ хандығының  550 жылдығына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы мен Қазақстан Рес-
публикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына, Кеңес Одағының Батыры, академик-ғалым Мәлік Ғабдуллин мен көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына  дайындық жұмыстарын қазірдің өзінде бастап кеткендігін тебіреніспен жеткізді.
Жалпы, брифингте қатысушылар астаналық облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жоғарыда атап көрсетілген оң өзгерістерді жылы қабылдап, облыс әкімінің сөзін ұйып тыңдады. Өз сөзінің соңында Сергей Кулагин жиналғандарды алда келе жатқан Жаңа жыл мейрамымен құттықтап, шын жүректен ізгі тілегін жеткізді және брифингке қатысып отырған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қойған сан алуан сауалдарына тиянақты жауап берді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар