Аяз ата балаларды қуантты

№2 орта мектепте оқитын жетім балалар мен тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арнап  жаңа жылдық шара өткізілді.

Бала көңіл таңғажайыпқа сенеді. Ол үшін Аяз ата шапан киіп, сақал жапсырған әртіс емес, қиялындағы тамаша сыйлықтарды әкеліп беріп, қуанышқа кенелтетін ертегінің ерекше кейіпкері.  Ата-ана қамқорлығынан тыс қалған және тұрмыстары төмен отбасылардың балалары үшін  бұл  арман-қиялдары жүзеге асқан таңғажайып  күн болды. Мектепке балаларға деген сый-сияпат салынған нән қап арқалаған Аяз ата мен Ақшақар келді.
Жалтырауық шамдармен безендірілген жасыл шыршаның айналасы көңілді күлкі мен думанға толды. Балалар асыр салып ойнап, білетін тақпақтарын айтты, қосылып ән салып, шыршаны айналып би биледі. Ең бастысы, балалардың бірде-бірі Аяз ата әкелген сыйлықтан құр қалмады.
Нұрлан ТЕМІРХАН.
Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар