Жерлестеріміз қысқы универсиадаға қатысады

Төрткүл дүние назарын аударып отырған 2017 жылғы 28-інші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың басталуына да аз уақыт қалды.  29 қаңтардан 8 ақпанға дейінгі аралықта Қазақстан ТМД елдерінің ішінен бірінші болып дүбірлі додаға қатысушыларды қарсы алады.

2017 жылғы қысқы Универсиада жарыстары спорттың 12 түрінен өткізіледі. Ол – биатлон, тау шаңғы спорты, кёрлинг, конькимен жүгіру, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарыстары, шаңғымен тұғырдан секіру, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, фристайл, шайбалы хоккей және шорт-трек. Бұл жарыстарға әлемнің 55 елінен 2000 спортшы қатысады деп күтілуде.
Қазіргі уақытта барлық іріктеу сындары өтіп, командалар әр спорт түрі  бойынша 90 пайызға жасақталды. Біздің облысымыздың спортшылары Универсиада бағдарламасының 4 түрі бойынша сайысқа түседі.

 

Биатлон

Алина Райкова – биатлоннан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2015 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиаданың чемпио-ны. Қазіргі уақытта Қазақ спорт және туризм академиясының магистранты.
Анна Кистанова – биатлоннан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2015 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиаданың күміс жүлдегері. Қазіргі уақытта Қазақ спорт және туризм академиясының магистранты.
Анастасия Кондратьева – биатлоннан Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасының бірнеше мәрте чемпионы, Қазақстан Республикасы спартакиадасының чемпионы. Қазіргі уақытта Щучинск индустрия, туризм және сервис колледжінің студенті.
Роман Ерёмин – биатлоннан Қазақстан Республикасының спорт шебері, жастар арасындағы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, жастар арасындағы ІВU кубогының бірнеше мәрте жүлдегері. А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті.
Тимур Хамитгатин – биатлоннан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының чемпионы, 2015 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиаданың қатысушысы, Қазақ спорт және туризм академиясының студенті.

 

 

 

Шаңғы жарыстары

 

Ольга Мандрика – шаңғы жарыстарынан Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасының чемпионы, 2013 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиаданың қола жүлдегері, Қазақ спорт және туризм академиясының магистранты.
Валентина Эбель – шаңғы жарыстарынан Қазақстан Республикасының спорт шебері, 2015 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиаданың қатысушысы, Қазақ спорт және туризм академиясының магистранты.
Валерия Тюленева – шаңғы жарыстарынан Қазақстан Республикасының спорт шебері, шаңғы жарыстарынан Қазақстан Республикасы Чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы әрі жүлдегері. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті.
Олжас Климин – шаңғы жарыстарынан Қазақстан Республикасының спорт шебері, шаңғы жарыстарынан Қазақстан Республикасының чемпионы, жастар арасындағы Әлем  чемпионаттарының қатысушысы. Көкшетау қаласының азаматтық қорғау көпсалалы колледжінің студенті.
Константин Борцов – шаңғы жарыстарынан Қазақстан Республикасының спорт шебері, шаңғы жарыстарынан Қазақстан Республикасының чемпионы, жастар арасындағы Әлем чемпионаттарының қатысушысы, Әлем кубогы кезеңдерінің қатысушысы. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті болып табылады.

 

 

 

Кёрлинг

 

Анастасия Сургай – кёрлингтен спорт шеберлігіне кандидат, Н.Назарбаев атындағы Еуразия кубогының жүлдегері, Германияда өткен халықаралық жарысқа қатысушы, Әлем чемпионатына және Тынық мұхиттағы Азия ойындары сайыстарына қатысқан спортшы. А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті.   

 

 

 

Шайбалы хоккей

 

Сондай-ақ, шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының намысын көкшетаулық «Арлан» хоккей клубының 6 спортшысы қорғайды: Константин Савенков, Антон Петров, Антон Бурделев, Павел Акользин, Виктор Ивашин, Александр Казначеев.
2017 жылдың 25-29 қаңтары аралығында республиканың барлық жерінде ауқымды іс-шара – Универсиаданың Алау эстафетасы өтеді. 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың ұйымдастыру комитетінің кестесі бойынша Алау эстафетасы Ақмола облысында 2017 жылдың 26 қаңтарында ұйымдастырылады. Алматы қаласында 2017 жылдың 29 қаңтарында барлық өңірдің өкілдері оңтүстік астанамыздың көшелерімен жүріп өтіп, жаңа 12 мыңдық мұз айдынында 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың ашылу салтанатының шарықтау сәтінде өз мәресіне жететін қорытынды кезеңге жиналады. Ақмола облысының атынан әйелдер арасында бокс-тан 2016 жылғы әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері
Дина Жоламан өкіл ретінде қатысады.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар