Қоғамды кері тартқан кеселге мықты тойтарыс керек

Бүгінде халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы жиі айтылады. Өйткені, қоғамға үлкен ауыртпалық әкеліп отырған  бұл кеселмен күрес қазіргі уақытта аса қажетті және маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Осы орайда, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде арнайы кешенді жоспар құрылып, сол бойынша  еліміздің әр аймағында нақты жұмыстар жүргізілуде.

Ақмола облысы  бойынша  мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті де өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызмет саласын реттеп, бақылау, тексеру, анықтау, жолын кесу сияқты функцияларды жүзеге асырады және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мемлекеттік бақылау жасайды. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сондай-ақ, өкілетті органдармен ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асыруда.   
Департаменттің басты ұстанымы – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының
1 институционалдық бағытын сапалы іске асыру. Бүгінде департаментте 26 маман еңбек етуде.  «Нұр Отан» партиясының өткен 2016 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет – өркендеген мемлекет» атты партиялық жобасы шеңберінде департамент өзге мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, бірқатар іс-шараларды ұйымдастыруға мұрындық болды.  Мәселен, 2016 жылдың сәуір айында өткен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңеске департаменттің бұрынғы басшысы Қуаныш Жапақов қатысып, ол облыстағы білім беру және денсаулық салаларында сыбайлас жемқорлықтың көрінісі байқалатын барлық формаларына төзбеушілік пен жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстарды нығайту қажеттігін атап көрсетті.
Сонымен қатар, департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мақсатында жастар арасында бірқатар іс-шараларды өткізіп тұрады. Сондай шаралардың бірі – «Жас Отан» жастар қанатының ақпараттық-насихат тобы мен облыстық жастардың ресурстық орталығымен бірлесіп, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ұйымдастырған «Ақмола жастары – Тәуелсіздік толқынында!» атты кездесуі. Шараға қатысқан жастар Степногорск қаласы мен Шортанды, Ақкөл аудандарына барды. Мұндағы мақсат – халыққа мемлекеттік саясатты түсіндіру, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеуге ат-
салысу. Бұл шараға ауылдық округтердің әкімдері, жас мемлекеттік қызметшілер, діни бірлестіктердің өкілдері, аудан жастары қатысты. Аудан басшылары өткізген пленарлық мәжілістерінде жастарға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында алға қойған міндеттер мен мақсаттарының орындалуы туралы кеңінен айтып берді. Шараға қатысушылар осы мәжілісте облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан іс-әрекеттер туралы көптеген мағлұматтар алды. Осы іс-шара аясында ұйымдастырушы жастар тамыз айының орта тұсында Зеренді, Сандықтау аудандарында болды.
Тамыз айының соңында «Азаматтық бақылау» әлеуметтік жобасын іске асыру барысында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өз жұмысын бастады. Бұл жобаны «Жас Отан» жастар қанатының корпоративтік қоры арнайы өткізілген конкурста жеңіп алған болатын.  Қоғамдық қабылдау сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда азаматтық бастамалардың орталығы болып танылған. Бұл қоғамдық қабылдау мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсету салаларында Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтау жөніндегі, сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, аталған салада құқықты пайдалану тәжірибесі жайына  қатысты ақпараттарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүзеге асыру бойынша консультативтік-кеңестік көмек көрсетеді.
Аталған «Жас Отан» жастар қанатының бас-
тамасымен, сонымен қатар, департаменттің басшылығы мен қызметкерлері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үш мобильдік топ құрып, аудандар мен қалаларға шығып, ақпараттық-насихат жұмыстары негізінде кездесулер ұйымдастырды. Барлық 19 кездесуден халықтың жемқорлыққа деген көзқарас-пікірлерінің қарсы екендігіне көз жеткізілді. Бұл кездесулер облыстағы жағдайға талдау жүргізіп, қорытынды жасауға, өзекті мәселелерді анықтауға, тұрғындардың ой-пікірі мен ұсыныстарын білуге мүмкіндік берді. Шара барысында жүргізілген әлеуметтік сауалнамадан да көптеген нәтижелерге қол жеткізілді.
Облыс орталығындағы диалог алаңында Көкшетау қаласының Науан Хазірет атындағы мешітінің наиб имамы Алмат Жүнісов сыбайлас жемқорлық туралы өзінің пікірін айтып, оның харам, шариғатқа қайшы дүние екендігін, адамзаттың дамуына кері әсер ететіндігін мысалдармен дәлелдеп, жан-жақты әңгімелеп берді.  Департамент облыстық ішкі саясат басқармасымен де тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Бүгінде халық арасында жегі құртқа айналған сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, оның алдын алу мақсатында аталған басқармада конференция ұйымдастырылды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – мемлекеттің әлеуметтік-мәдени қызметін жүзеге асыратын, мемлекет мүлкін басқаруда тиімділікті қамтамасыз ететін негіздің бірі» деген тақырыпта өткен іс-шара квазимемлекеттік секторда жемқорлықтың алдын алуға, осы орайда жүргізілетін мемлекет саясатының тиімділігін арттыруға, жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік атмосферасын құруға, оның деңгейі төмендеу үшін қарсы қозғалысқа барша қоғамды тартуға бағытталған болатын. Бұл конференцияны сол кездегі департамент басшысы Қуаныш Жапақов жүргізіп, «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы туралы түсінік берді. Сонымен бірге,  облыс орталығындағы халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері де аталған корпорация бойынша жиналған қауымға жан-жақты мағлұматтар берді. Осы жиында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бағытында денсаулық сақтау, білім беру салаларында атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер келтірілді. Шараға арнайы шақырылған психолог маман Э.Куссеиваның «Жемқорлық психологиясы: белгілері, диагноз қою және алдын алу» тақырыбындағы тренингінде мәселенің мәнісін ашып берді деуге болады.  
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияларда, сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңда барлық азаматтық қоғам институттары, мемлекеттің барша тұрғындары жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері ретінде танылған. Сондықтан, жемқорлықпен барша қауым жұмылған жұдырықтай бірлесіп, әрекет етуі керек.  Осы ретте, бұл дертпен күресті білім ордаларында да жиі жүргізген дұрыс.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Жастар мен  жас-
тар ұйымдарының, ғылыми және педагогтік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында ашық диалог алаңы болды. Бұл шараның  да басты мақсаты жастар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оның көрінісі орын алған жағдайда оған төзбеушілік таныту ортасын құру, білім ордаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша оқыту қызметін жандандыру,  сонымен бірге, ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Осыдан бес-алты жыл бұрын жоғары, орта арнаулы оқу орындарында сессия кезінде жемқорлық көріністерінің түрлі мысалдары жиі орын алатын. Оқушылар мен студенттер кей кездері өздерінің әлі келмеген сабақтарын сыбайластық күшімен шешіп, бағасын қойдыртып алатын. Онымен күрес жүргізу барысында еліміздің барлық білім ордаларында ауқымды жұмыстар жүргізілді.  Диалог алаңы барысында бір топ студенттердің
баяндамалары тыңдалып, ой-пікірлеріне көңіл бөлінді. Оқытушылар мен ғалымдардың да сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуі мақсатында жүргізіп жатқан жұмыстары назарға алынды.
Жалпы, департамент мамандарының түрлі орталарда іс-шаралар ұйымдастырып,  беделді азаматтардың осындай теріс әрекеттердің салдарынан биліктен қуылып, бар мүлкі тәркіленіп, темір торға тоғытылып жатқандықтарын айтып, көпшілікті жан-жақты ақпараттандырып жатқаны белгілі. Халықты әрқашан сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттандырып отырған абзал. Сонда ғана мұндай теріс әрекеттер азайып, тоқтатылар деген ойдамыз.  Департамент қазіргі уақытта осы бағытта өзіне жаңа міндеттер  жүктеп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін кешенді жұмыстар атқаруда.  Өйткені, сыбайлас жемқорлықтың өзі елдің соры екенін жақсы түсініп отырған жайымыз бар.
Берген БЕСПАЛИНОВ,
Ақмола облысы бойынша
мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар