Үздіктер марапатталды

«Достар» мәдениет сарайында облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов халықаралық және республикалық сайыстарда жоғары жетістіктерге қол жеткізген ақмолалық спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттау рәсіміне қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Алдымен көгілдір экран арқылы өңір спортшыларының 2014 жылы байрақты бәсекелерге қатысып, қол жеткізген жетістіктеріне арналған бейнетүсірілім тамашаланды. Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов өз сөзінде спортта олжа салған жерлестерімізге шынайы ризашылығын білдіре келе, ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, олимпиадалық спорт түрлерінен жылдың үздік спортшысы атанған Мария Грабовецкаяға Қажымұқан атындағы спорттық сыйлықты табыс етті. Ал, ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы «2014 жылдың үздік жаттықтырушысы» аталымында
Батырбек Оздоев марапатталды. Екінші және үшінші орындарға шаңғышы Николай
Чеботько мен боксшы қызымыз Дина Жоламан ие болды. Ол екеуінің жаттықтырушылары Виктор Васильев пен Александр Высоцкийдің  есімдері құрметпен аталды.
Сондай-ақ, Руслан Мусинов, Қанат Қожақов жетекшілік ететін Көкшетау және Степногорск қалаларындағы мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері «Үздік спорт мектебі» аталымдары бойынша ие болды.
Облыстық мәслихаттың хатшысы Нина Дьячек, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, Көкшетау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Амангелді
Смайылов, облыстық ішкі саясат, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары Гүлжанар Шөкеева мен Надежда Патюткина басқа да спорт түрлерінен жылдың үздік спортшылары мен жаттықтырушыларын,  ұлттық спорт түрлерінен жыл спортшысын, жылдың үздік командаларын марапаттады.
Патриоттық әндер шырқалған салтанатты шара қатысушылардың мерекелік көңіл-күйін көтерді.
Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар