Қаламгерге құрмет

Атбасарлық жастар қазақтың аса көрнекті жазушысы Ілияс Есенберлиннің  ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Ұлттық руханиятымызды қайта жаңғыртқан  қаламгердің  туғанына 102 жыл толып отыр.   Аталмыш датаға орай,  жазушының жерлестері  арнайы шара өткізді. Сөз зергері Ілияс Есенберлиннің туған қаласы Атбасарда жазушының әдеби мұражайы  жұмыс істейді. Шара барысында аталмыш музейдің  директоры Ұлболсын Қамбатырова жазушының  өмірі жайлы баяндап, қаламгерге қатысты мұрағаттар туралы айтып берді. Жастар да осындай нар тұлғалы азаматтың жерлестері болғандығын мақтан тұтатыны, оның  қаламынан туған  шығармалары жайында  сөз қозғады.
Шара соңы  жазушы ескерткішіне  гүл шоқтарын қою рәсімімен  жалғасты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар