Елі мен халқына қызмет етудің жарқын үлгісі

Еліміздің абыройлы да құрметті ақсақалы, көрнекті қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері, бірнеше және бүгінгі жас ұрпақ өкілдерінің ұлағатты тәлімгері   Бүркітбай аға Мәсіпұлы Батырхановтың қайтыс болуына орай марқұмның отбасына, шаңырақтағы анамызға, балалары мен барлық ағайын-туыстарына, қалың Көкше еліне көңіл айтамыз.
Жаны жайсаң, көңілі кең, ақылды да парасатты қазына қарт Бүркітбай ағамыздың  бар саналы ғұмыры өз елі мен өз халқына адал қызмет етудің тамаша үлгісі болып қала береді. Елі мен халқына арнаған өмірін адал өткізді, бойын таза ұстады, жүріс-тұрысымен өнеге көрсетті, имандылық жолымен жүрді. Жақсы ұрпақ өсірді. Солар арқылы тамырын тереңге салып, бәйтеректей жайқалды.
Адам баласының жар жағасына жеткен өмірін бір Жаратушымыздың өзі аманаттап алатыны бар. Сол қағидаға сәйкес, өз жаратушы иесіне жанын аманаттап аттанған ағамыздың сапары қайырлы, артында қалған отбасы мен ұрпақтарына, қалың еліне жақсылығы болсын. Иман байлығын тілейміз!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары
Рашит Әкімов,  Жабал Ерғалиев.

Астана. 30 қаңтар, 2017 жыл.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар