Сырлы сурет, сиқырлы әлем

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану  музейінде «Біз әлем үшін қызықпыз, әлем біз үшін қызық» атты балалар көркемсурет мектебі оқушыларының шығармашылығына арналған сурет көрмесі өтуде.

Көрмеге аталмыш оқу ордасында оқитын 2-3 курс оқушыларының композиция сабақтарында орындаған қорытынды жеке шығармашылық жобалары мен жұмыстары қойылды. Қоршаған орта мен туған жердің сұлулығы, балалық шақтың көкіректе қалған бейнесі тақырып өзегіне айналған.  Салтанатты шараға қатысқан  облыстық Суретшілер одағының төрағасы Юрий Попов оқушылардың тырнақалды туындыларына жоғары баға беріп, олардың болашақта бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасымен танылатын өнер иелері болып қалыптасуларына тілектестік білдірді.
Сонымен қатар, көрмеде психология ғылымдарының докторы, ұлағатты ұстаз Марс Субханкулов сөз сөйлеп, сырлы сурет тұнған туынды әрбір суретшінің жеке бір сиқырлы әлемі екендігін баса айтты.  Сұлулық тұнған сырлы суреттерді көрмеге келушілер жоғары бағалап, үлкен ризашылықтарын білдіріп тарқасты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар