Жеке сот орындаушылар жұмысына әлі де талап пен бақылау күшейтілуі керек

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен брифингте облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Әкімова Елбасы Жолдауына қатысты әділет органдарына жүктелген міндеттер мен атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндап, «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының жанынан билік тармақтары өкілеттігін қайта бөлуге байланысты жұмыс тобының құрылғандығын мәлімдеді.

Биылғы жылғы Елбасы Жолдауында алға қойылған негізгі мақсат әлемнің бәсекелестікке қабілетті отыз елінің қатарына қосылу болса, кәсіпкерлерді тіркеу сияқты маңызды міндетті мойындарына алған әділет органдарына жүктелер жауапкершілік  аз емес.
Заңды тұлғаларды  тіркеу қызметінің электрондық нұсқада жүргізілуі  оның жеделдігін ғана арттырып қоймай, шалғай аудандарда тұратын азаматтардың облыс орталығына барып әуре болмастан, талап етілген құжаттарды  интернет арқылы жіберіп, қысқа мерзім ішінде тіркелуіне мүмкіндік жасайды. Жалпы, өткен жылы әділет органдары  95 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетсе, оның 25 мыңдайы электрондық нұсқада көрсетілген.
Департамент басшысы орынбасарының айтуынша, электрондық қызметті пайдаланушылар қатары соңғы екі жылда он үш пайыздан астам өсіпті.
Әділет департаменті жұмысының тағы бір маңызды саласы құқықтық кеңес беру. Бұл бағытта да айтарлықтай жұмыс атқарылған. Өткен жылы
9  мыңнан астам адамға тегін құқықтық кеңес беру қызметі көрсетілген. Халыққа ыңғайлы болуы үшін әділет департаменті нотариустер мен жеке сот орындаушылары туралы мәліметтер енгізілген интерактивті карталар дайындаған.
Осыны пайдаланып, кез келген азамат облыс аумағында қызмет көрсететін нотариустер мен жеке сот орындаушылары туралы барлық мәліметтерді алуына мүмкіндіктері бар. Гүлмира Әкімова әділет департаментіне бағыныстағы сот орындаушылық қызметіне қатысты да біраз мәліметтер берді. Өткен жылдан бастап жеке сот орындаушыларына барлық санаттағы орындаушылық қызмет түрлерін атқару жүктелген еді.
Қазіргі күні облыс аумағында 65 жеке сот орындаушысы жұмыс істеп жатса, олардың 15-і аудандарда қызмет етуде. 2016 жылы жеке сот орындаушыларының қолында 54316 іс болса, солардың 76 пайызы орындалған. Кездесу соңында әділет департаменті басшысының орынбасары журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар