Сауалдар аз болмады

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініш-тілектерін тыңдады.

Алдымен, облыс әкімінің қабылдауында «Шанс» оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Евгений Шиманский болды. Ол өңір басшысына мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға қолғабыс жасауды және осындай жандардың ауылдық жерлердегі әлеуметтік нысандарға да кедергісіз кіруге оңтайлы жағдай туғызуды өтінді. Өз кезегінде облыс әкімі бірлестік төрағасының бастамасына қолдау көрсетіп, осы мәселені шешу үшін мекеме басшыларына тиісті нұсқау беретінін жеткізді.
Сондай-ақ, бұл күні қабылдауға келген адамдар тарапынан жер, тұрғын үй, жұмысқа орналасу және басқа да мәселелер көтерілді. Өңір басшысы осы өтініш-тілектердің барлығына жауап беретіндігін айтты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.            

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар