Балаларға базарлық

Ауданда мүмкіндігі шек-теулі балаларға арналған қайырымдылық концерті болып өтті.

Аудандық мәдениет, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің ұйымдастыруымен өткен «Қайырымдылық – әлемді қорғайды» атты кеште Борис Бабков, Валерия Тунгоева есімді дарындар өз өнерлерін ортаға салды.  Кештің ең жас өнерпазы Валерия мың бұрала би билесе, Нина Павленко Жібек жолы  ауылын таныстырып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Ал, Ульяна Рязанова қазақша тамылжыта ән шырқап, көпшілік қауымның ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ, Астана қаласынан келген өнерпаздар да сәтті өнерлерімен кеш ажарын әспеттей түсті.
Жиында айтылған мейірімге толы жылы сөздер қамкөңіл балалардың жігерін қайрап, қанаттандырды.

«Ақмола Медиа Орталығының»
хабары бойынша дайындалды. 

Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар