Кітапханадағы тағылымды кеш

Облыс орталығындағы «Достар» мәдениет сарайы жанындағы қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен       Астана күніне орайластырылып, Елорда құрдастарымен кездесу кеші болып өтті.                                             
     «Астанамен бірге асқақтаймыз!» деген тақырыптағы мәдени шараға жас болса да өмірлік бағыттарын айқындап, елдің ертеңі үшін аянбай еңбек етуге әзір талабы мол талапты жастар құрметті қонақ ретінде шақырылыпты. Олардың арасында облысымыздың маңдайалды студенттері, поэзия мен проза саласында өзіндік қолтаңбасымен танылып келе жатқан талабы мол жастар мен спортшылар да бар.  Мәселен, Томирис Саматова болса, болашақта елімізге танымал жазушы болуды армандайды. Қазіргі таңда оның бірнеше кітаптары жарық көрген. Талабы зор талантты қыз орыс тілінде жазады екен. Томиристің ақындық қабілеті де ерекше. Ал, «Жас ұлан» ұйымының ұланбасы Наргиз Серікбаева болса, мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінен-ақ мектепаралық, қалалық, облыстық мәдени шараларға белсене ат салысып, қоғамға өзінің үлесін қосуды басты мақсатына балайды. Ол қазіргі таңда Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті екендігін тілге тиек етті. Өлең жазады екен. Спортшы Иван Самусенко да біз жоғарыда атап өткен ордалы оқу орнының студенті. Ата-анасы жастайынан Иванды спортқа баулыған. Соның нәтижесінде ол қазір республикалық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп отыр.        – Өз басым Қазақстан Республикасының азаматы болғанымды мақтан тұтамын. Мен осы топырақта туып, өстім. Біздің елде оқимын деген жастарға білімнің даңғыл жолы ашық. Университетте оқып білім алудамын. Маған осындай мүмкіндік туғызған еліме дән ризамын. Алдағы уақытта білікті маман атанып, зердеге тоқыған білім нәрін жарқын болашақ жолында жүзеге асырып, ел игілігі үшін аянбай еңбек етуге әзірмін. Жаңа Астана бой көтерген жылы дүние есігін ашыппын. Көркі көз суырар сәулетті Астанаға біз де лайықты болуымыз керек деп есептеймін,–дейді Иван Самусенко.                 
Кездесу кешінде қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Сәбитова сөз сөйлеп, талабы мол талантты жастарға өзінің жүрекжарды тілегін жеткізіп, Астана күні қарсаңында оларға естелік сыйлықтар табыс етіп, Алғыс хаттармен марапаттады.  Кеш соңында жастар өз тарапынан ұйымдастыру алқасына  алғыстарын айтып,  шынайы тілектерін жеткізді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар