«Елікті» қайта түлейді

«Елікті» тау шаңғысы базасы ақмолалықтармен қоса, еліміздің және таяу шет ел туристерінің де қызығушылығын арттырып отыр.

Аталған нысан осыдан 4 жыл бұрын ашылған болатын. Осында болған кәсіпкер Сәкен Айтқали бұл жердің табиғатына тәнті болды. Сөйтіп, ол осы жердегі  тау шаңғысы базасын жаңғыртуға бел буады.
Қажырлы жұмыс істеудің нәтижесінде бүгіндері бұл нысан туристердің көптеп жиналатын сүйікті орнына айналды. Мұнда мейрамхана, тауға көтерілетін сапалы жолдар тартылған. Енді  жабық және ашық бассейн салуды, табиғат аясында атпен серуендеуді ұйымдастыруды көздеп отыр. Кәсіпкер осы ойларын жүзеге асыру үшін өз қалтасынан 700 миллион теңге қаржы жұмсамақшы. Ол кейбір мәселелерді өңірлік кәсіпкерлер палатасының көмегімен шешуге үміт артып отыр.
– Қолбайлау болып отырған ең негізгі мәселе электр энергиясына тарифтің жоғары болуы дер едім. Инфрақұрылымды жақсарту мақсатымен тас жолдан шаңғы базасына дейін 3,5 шақырым қашықтық жол күрделі жөндеуді қажет етеді, – дейді кәсіпкер.
Мұнда туристер еліміздің өзге өңірлері мен Ресей облыстарынан келеді. Табиғаты бай әрі мәдени әлеуеті жоғары бұл жерде туризмді дамытуға өңірлік кәсіпкерлер палатасы да қызығушылық танытып отыр.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар