Даму көрсеткіші жоғарылап келеді

Еңбекшілдер ауданының әкімі Абай Сәдуақасұлы Бірсуат селолық округінің тұрғындарымен кездесуінде өткен жылы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндап, алда тұрған міндеттерге тоқталды.

Соңғы жылдары аудандағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жақсара түсуде. Мәселен, 2012 жылы  облыс бо-йынша 15-ші орыннан көрінсе, 2013 жылы алтыншы орынға тұрақтады. Әсіресе, ауданның әлеуетін тау-кен өнеркәсібі арттыра түсуде. Мұнда ірі алты өнеркәсіптің ішінде «Семизбай-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ерекше атап өтуге болады. Бұл кәсіпорын уран өндірумен айналысады. Мұнда үш жүзге жуық адам еңбек етіп, орташа жалақы көрсеткіші 223 мың теңгені құрайды екен. Ауданда Астана қаласын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін инвестициялық жоба жүзеге асып отыр.  Аталмыш  жоба аясында негізгі капиталға 25,7 миллиард теңге құйылып, бұл көрсеткіш 2013 жылғы қаражаттан 4,5 есе асып түсіпті. Сөйтіп, аудан облыс аумағында бірінші орынды иеленді. Ал,  Мамай ауылында орналасқан «KazBeef LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 5000 бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңы және 1000 басқа арналған мал асылдандыру репродукторы қарастырылыпты. Бұл  шаруашылыққа  4,8 миллиард теңге қаржы салынған. Сондай-ақ, мемлекеттік «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы іске асқан сәттен бастап, өңірде 10 жоба жүзеге асырылды.
Аудан әкімі жеткен жетістіктермен қатар шешімін таппай жатқан күрмеулі мәселелердің де бетін ашып берді. Мәселен, «Сага Крик Голд Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алтын өндірумен айналысатын  кәсіпорнының жұмысы тоқтап тұрған көрінеді. Оған қоса, «Көкше-Цемент» серіктестігінің зауыты әлі де болса пайдалануға берілмеген. Енді ағымдағы жылдың тамыз айында іске қосу жос-парланып отыр. Сонда қосымша жеті жүзге жуық жұмыс орны пайда болады. Өкінішке орай, «Богви» серіктестігінің банкротқа ұшырауынан өңірдің бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдарының егістік көлемі азайып, ауданның көрсеткішін төмендетіп отыр.
Бүгінде аудан әкімінің есептік кездесуі өткен Бірсуат ауылының тұрғындары өз мәселелерін өздері шешетін жағдайда. «Баймырза Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы, өз қаражаттарына асхананы жөндеп, ауыл моншасын іске қосқан. Сонымен қатар, олар республикалық күре жолға қызмет көрсету, мектеп оқушыларын тегін тамақтандыру сынды ілкімді істерді қолға алыпты.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары клубқа жылу өткізу және ғаламтор жылдамдығының баяулығы жөнінде сөз қозғады. Абай Сәдуақасұлы бұл мәселе-лерді жіті өзі қадағалайтынын жеткізді.
Отырыс соңында аудан әкімі Елбасының Жарлығына сәйкес батыр ана, көпұлтты отбасында жеті бала тәрбиелеген Екатерина Токубаеваға «Алтын алқа»  табыс етті. Сондай-ақ, екі жетім баланы тәрбиесіне алған еңбек ардагері Ольга Шнайдерді Алғыс хатпен марапаттады.

Александра МЯКОТА.
Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар