Алтын бізде

Словакияда ХХVІІ қысқы универсиада өтіп жатыр. Бұған дейін қос алтын медальмен жалпы командалық есепте екінші орында келе жатқан Қазақстан құрама командасының қоржынына тағы бір қола  қосылды. Оны шаңғыдан Анастасия Слонова жеңіп алды. Бұл біздің спортшының осы жарыстағы екінші медалі. Бұған дейін ол әйелдер арасындағы спринтте топ жарып, құрамамызға алғашқы алтынды сыйлаған еді.

Бірақ, бәрінен бұрын біз үшін осы универсиадада ең қуаныштысы, ақмолалық биатлоншы Алина Райкованың жарыстың алғашқы күні 15 шақырымдық қашықтықта жеңіс тұғырына көтеріліп, алтыннан алқа таққаны деуіміз керек. Осылайша 43 мемлекеттің спортшылары қатысып жатқан, спорттың 11 түрінен 68 медаль жиынтығы сарапқа салынатын универсиаданы сәтті бастадық. Әуелі Словакияда, одан әрі қарай   Испанияда өткізілетін бұл жарыс ақпанның 14-іне дейін жалғасады. Оның барысында Қазақстан құрама командасының мүшелері әлі талай жеңістерімен қуантады деген сенімдеміз.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.    

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар