Кәсіпкерлікке баулу

Көкшетаудағы Достық үйінде жастар ресурстық орталығы «BASTAU Talks» қоғамдық дәріс өткізді.

Аталмыш шараның негізгі мақсаты – жастарды бизнес жүргізудің мүмкіндіктерімен ақпараттандырып, ынталандыру. Дәріске беделді бизнес өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері мен колледждердің білім алушылары қатысты. Кездесу барысында жастарға кәсіпкерлік қызметтің аспектілері таныстырылып, табысты бизнестің нақты мысалдары көрсетілді. Кәсіпкерлер жастарға бизнес идеяларды жүзеге асыру жолдары туралы жан-жақты түсіндірді. Солардың бірі – Көкшетау қаласындағы «Гормолзавод» ЖШС-нің директоры Әсен Жақсылықов. Ол өз бизнесінің қыр-сырымен бөлісе отырып, жиналғандар арасында өзінің жеке кәсібін ашамын деген жастарға қол ұшын беруге әзір екендігін алға тартты. Ал, Астана қаласынан келген киім дизайнері, имиджмейкер,
«SA-BELLE» дизайн мектебінің қалаушысы Белла Сат-Мырза алға қойған мақсатқа жету үшін ыждаһатты еңбектің қажет екендігін баса айтты.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Жанат Жақыпов мемлекеттік бағдарламалар туралы егжей-тегжейлі тарқатып айтып берді. Жиналған жастар бар ынта-ықыластарымен тыңдап, көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Кеш барысында студенттер арасында викторина ұйымдастырылып, көп ішінен дараланған Айдана Рахметуллина, Әйгерім Бостанбаева, Алина Баубекова, Абылай Әзіретқали есімді жастарға облыстық жастар саясаты басқармасының атынан Алғыс хаттар табыс етілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар