Тағы бір құс фабрикасы салынбақшы

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагин «Aitasgroup» компаниясының құрылтай-шысы, «Өскемен құс фабрикасы» АҚ бас директоры С.К.Толықпаевпен кездесті.

Тараптар Бұланды ауданындағы Макинск құс фабрикасының іске қосу мәселелерін талқылады. Нысанның жалпы құны 135,4 миллион долларды құрайды. Макинск құс фабрикасының жобалық қуатына шықса, жылына тірідей салмақта 60 мың тонна ет өндіретін болады.  2017 жылдың маусым айында 8 бройлерлік алаңқайларды, 6 құс күркесін, инкубатор, әкімшілік алаңқай және қалдықтарды өңдейтін шеберхананы іске қосу жоспарлануда.
Жоба инфрақұрылымды жүргізу субсидиялау үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына және инвестициялық субсидия алу үшін «Агро Бизнес 2020» бағдарламасына енгізілген.  
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар