Бағың жансын, Инаят!

Биыл облыс орталығында өткен кішкентай арулардың «Көкше Ханшайымы-2014» байқауына біздің «Чайка» бала бақшасынан ересектер тобының тәрбиеленушісі Инаят Рахметулина қатысып, бас жүлдеге ие болды.

Бұл жеңіске барлық бала бақша ұжымы  қуанды. Бала бақшамызда өнерлі балалар баршылық, олардың әрбіреуінің бойында өзіне тән бір ерекшелігі бар. Сол баланың бойындағы осы талпынысты байқап, оны одан әрі дамыта білу ата-аналар мен ұжым мүшелерінің  міндеті.
Тәрбиешілердің алдына осы міндеттерді жүктей отырып, бүлдіршіндеріміздің әртүрлі сайыстарға қатысып, өз өнерлерін көрсете білуіне бала бақша меңгерушісі Гүлжан Камелқанқызы Камелқанова көп көңіл бөледі. Яғни, шығармашылық ұжымды біріктіріп, дұрыс жұмыс істей білуге жағдай жасайды.
Бала да гүл секілді, қалай баптап күтсең, солай өседі. Сондықтан да, үлкендердің парызы – әр кез оның тәрбиесімен айналысу. Яғни, үйде бала ата-ананың бақылауында болса, бала бақшада оларды тәрбиешілер  көзден таса қылмайды.
– Біздің  Инаят өнерлі қыз, ағасы Адиятқа  еліктеп, ән айтуды, би билеп, сурет салуды өте жақсы көреді. Топтағы балалар арасында өте елгезек, алғыр, шамасы келетін жұмысты өте шапшаң орындайды, біздің көмекшіміз, қай заттың қай жерде тұрғанын, өзі қатысатын би үйірмесінен үйреніп келген әртүрлі би қимылдарын құрбыларына үйретуге тырысады, – дейді осы орайда, мақтаныш сезімімен тәрбиешілері Назипа Әбілқайырқызы мен Лиза Абдрахманқызы.
Бала тәрбиесіне отбасының да қосатын үлесі зор. Инаяттың ата-анасы балаларының білімді де ақылды, өнерлі болып өсулері үшін бала бақша тәрбиешілерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп келеді.
Осы бір ән орындап, тақпақ айтып, шағын қойылымға қатысып, өз өнерін ортаға салу біреулерге аз ғана іс болып көрінуі мүмкін. Бірақ, бұл үлкен жұмыс. Осындай байқауларға балаларды дайындауға бала бақша ұжымы бір кісідей жұмылып, атсалысады. Осы орайда, ұжымдағы барлық тәрбиешілерге ризашылығымызды білдіре отырып, біздің еңбегімізді Инаятымыз ақтады деп, оған әлі  де болса, зор сенім артқымыз келеді.
Ақбота БИҒАТОВА,
№14 «Чайка» бала бақшасының әдіскері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар