Ақтау мен Атырауға ұшақпен

Ақтау – Көкшетау – Ақтау бағытында жаңа авиарейс ашылды. Ақтау әуежайынан  күндізгі сағат 12.30-да ұшып шыққан ұшақ Көкшетауға сағат 15.00-де келіп қонады. Көкшетау әуежайынан ұшу уақыты сағат 15.40. Ақтау қаласында 17.10-да болады. Ұшақтар әр әуежайдан жергілікті уақыт бойынша ұшады.
Сондай-ақ, Атырау – Көкшетау – Атырау бағыты бойынша да  аптасына екі рет сейсенбі және сенбі күндері жолаушылар ұшағы қатынайтын болды. Атырау қаласынан жергілікті уақытпен сағат 12.00-де ұшып шыққан ұшақ Көкшетауға сағат 14.10-да қонады да, қайтадан 15.00-де Атырауға ұшып шығады. Онда жергілікті уақыт бойынша сағат 17.10-да болады. Екі бағытқа да билет құны 25 мың теңгеден.
Бұл рейстерді CRJ 200 әуе кемесімен «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ-ы орындайды. Авиарейстердің уақыты көкшетаулық жолаушыларға Ақтау мен Атырау әуежайлары арқылы Солтүстік Қапқаз өңіріне, Ресейдің оңтүстігіне, Түркия мен басқа елдерге ұшуына ыңғайлы болатындай етіп қарастырылды.  
Бүгінгі таңда Көкшетау әуежайынан Мәскеу (Внуково) – Көкшетау–Мәскеу бағытында бір халықаралық авиарейсі, аптасына екі реттен Алматы – Көкшетау – Алматы, Ақтау – Көкшетау – Ақтау және Атырау – Көкшетау – Атырау авиарейстері орындалуда.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар