Бала аңдытқан заман-ай…

Кешке қарай Көкшетау қаласындағы «Айша» бала бақшасынан жұбайымның жиен қарындасын алып, автокөлікпен үйге қарай беттедік.

  Қаланың басты көшелерінің бірімен жүріп келе жатқанымызда, жол-патрульдік полициясы қызметкері тоқтатты. Жолдасым көлік құжаттары мен өзінің куәлігін көрсетейін деп, дайындап жатып:
– Жол ережесін бұздым ба? – деп сұрай бергенде, әлгі қызметкердің қай сасқаны екенін түсінбедім, көлік салонына басын сұғып тұрып:
– Салонда бала бар ма? – деп сұрады. Кішкентай қызымыз оны көріп, «гаишник, гаишник» деп тығыла бастады.
Кішкентай бүлдіршіннің арнайы белдікпен отырғанын көріп, ешбір құжатты тексерместен, «бара беріңіздер» деп, жібере салды. Әрине, күлкі шақыратын жағдай. Бұдан МАИ қызметкерлері көлік пен оның жүргізушісінің құжаттарын тексеру, қылмыскерлерді іздеумен емес, енді салонда балалардың бар-жоғын аңдумен айналыса бастағаны ма деген ой туады.
Әрине, мұның бәрі «Жол қозғалысы туралы» жаңа Заңның енгізілгеніне орай болып отырғаны түсінікті. Тек жол-қозғалысын бақылаушы қызметкерлер «салонда бала бар ма?» деп емес, «көлігіңіз балаларға арналған сақтандыру белдіктерімен жабдықталған ба?» деп сұрағаны жөн болар еді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар