Елбасының төңірегінде топтасайық

Ашығын айтсам,1991 жылғы 16  желтоқсан елімнің  азаматы ретінде мен үшін де аса қуанышты күн деп білемін. Өйткені, елі үшін, халқы үшін, тарихтың қай сынағына да тәуекел деп бел буған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жақтастарының бірімін, әрі Отанымыздың патриотымын.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерінің бүкіл ел халқына Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы бастама көтеріп,  Үндеу жолдауы және Парламенттің қос палатасы осы ұсынысты қолдап,  Мемлекет басшысынан сайлау мерзімін белгілеуді сұраулары уақытпен үндескен үрдіс деп санаймын.
Бұл бастаманы сайлаушы ретінде  де қолдаймын. Ұлттың рухы болып табылатын  егемендікке ерен мазмұн  дарытып, тәуелсіз мемлекеттің нұрлы жолын  бүгінгі Президентіміздің өзі көрсеткені бізге жақсы белгілі.
Жол мұраты жету демекші, елдің даму бағытын дұрыс болжай алған, оны заман үрдісімен сәйкестендіре білген қайраткер, ел басқару дарынымен әлемге танымал болған Нұрсұлтан Назарбаевты қорғалжындықтар құрметтеп, үлкен сенім артады. Елбасы ел тыныштығын сақтап, ұлт мүддесін жадынан шығармайтынына сенімдіміз. Мемлекет басшысы жүргізіп отырған  сындарлы саясат арқылы  еліміздің одан әрі қарқынды дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізе алатынымыз айқын.
Сондықтан, осы күрделі заманда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төңірегінде топтасуға шақырамын. «Тарих пәні ұзақ, асықсақ та аптықпайық. Қазақстанның көпұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін. Сенімнен айырылмайық, бауырларым», – деп еді бір сөзінде  Нұрсұлтан Әбішұлы. Сол айтқаны болып келеді.
Бүгінгі таңда Президент сайлауының өткізілетіндігі де белгілі болып отыр. Елімізді осындай көреген саясаткер басқарып отырғанын- да бәрі жақсы болатындығына шүбә келтіруге болмайды. Әрі қарай да ойдағымыз болып, ортамыз жақсылыққа тола берсін.

Мұхит ШЕРМҰХАНҰЛЫ,
еңбек ардагері.
Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар