Несие алуға болады

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалында Сайлауалды тұғырнамадағы кәсіпкерлікті дамытуға қатысты мәселелер қаралды.

Отырыста тұғырнаманың «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау», «Ауылды қолдау және дамыту», «Жұмыспен қамту және халық табысы», «Әйелдерді қолдау» сияқты төрт бағыт бойынша сараптама топтары бірлесіп, ортақ шаруаны тиянақтады. Оның барысында ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті несиелеу бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы облыстық филиалының жетекшісі Ғалия Оспанова баяндама жасады. Ол «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ауылдағы кәсіпкерліктің дамуы, азаматтарды өз ісін  ашуға ынталандыру филиалдың негізгі бағыты екенін тілге тиек етті.
Өткен жылы облыстық әкімдік, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен жоғарыдағы филиал арасында кәсіп иелерін несиелендіру үшін 1 миллиард 136 миллион теңге қаржы беру туралы несиелік келісімшарт жасалды. Бүгінде бұл қаржы толықтай игеріліп, мал шаруашылығы мен құс өсіру шаруашылығына,  жүк және жолаушы тасымалдауды ұйымдастыру мақсатына бағытталған. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында 639  адам жұмыспен қамтылыпты.
Филиал өткен жылы «Егінжай», «Мурабаха», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020», «Кәсіпкер», «Ырыс», «Моноқалаларды дамыту» сияқты несие беру бағдарламаларын да жүзеге асырды. Қазір қор алдында тұрған басты міндет – өз ісін ашқан немесе кеңейткісі келген ауыл тұрғынына қолжетімді несие беру болып табылады.
Бұл орайда, көп нәрсе ауыл тұрғын-дарының өздеріне де байланысты. Егер олар өз кәсіптерін ашып, несие алу арқылы соны әрі қарай дамытқысы келсе, аталған қордың көмегіне жүгіне алады. Несие беру бағдарламаларының аттары да айтып тұрғанындай, бұл ретте мүмкіндік мол.  
Отырыс қорытындысында сараптама топтарының мүшелері аудандарда кепілдік қорларын құру туралы орынды ұсыныс жасап, өз пікірлерін ортаға салды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар