Баланың тууы туралы куәлік перзентханада рәсімделеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Нұрбек Қайыржановтың қатысуымен брифинг болып өтті.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қанат қақты жобасы кеңінен түсіндірілді. Ол жоба елімізде өткен жылдың соңында бас-
тау алған болатын. Бүгінде оның тиімділігін аналар анық байқауда. Енді баланың туу туралы куәлігін рәсімдеу үшін бұрынғыдай халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. Тың жобаның арқасында жаңа босанған аналар туу туралы куәлікті, босанғаннан кейінгі жәрдемақы мен бала күтімі бойынша жәрдемақыны рәсімдеу, балабақшаға кезекке тұру секілді төрт мемлекеттік қызмет түрін перзентханадан шықпай-ақ ала алады.
Бала дүниеге келгеннен кейін халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары оның анасына SMS хабарлама жібереді. Осылайша SMS түріндегі сұрақ-жауап арқылы қалған операциялар орындалады.
– Осы уақытқа дейін облысымыз бойынша 104 жас анаға SMS құттықтау жіберіліп, мемлекеттік қызмет түрлерін алу ұсынылды. Соның 27-сі жоба қатысушысы атанды. Еліміз бойынша 12757 SMS құттықтаулар жіберіліп, 4024 жас ана осы қызметті пайдаланды, – деді Нұрбек Қайыржанов өз сөзінде. Біздің облыста алғашқылардың бірі болып Гүлжайна Сәбитова жаңа туған баласына SMS арқылы пилоттық жоба шеңберінде туу туралы куәлікті рәсімдеуге байланысты мемлекеттік қызметтерді алуға тапсырыс берген. Брифингтің пікір алмасу бөлігінде журналистер халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарына өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

«Арқа ажарының»
өз ақпараты.

Суретті түсірген
Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар