Жұмыссыздық тіркелген жоқ

Біздің ауданда өткен жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтудың өсімі 89,9 пайызды құрады. Бұл 2013 жылғы  деңгейден 3,8 па-йыз артық. Жыл басынан бері ауданда тіркелген жұмыссыздар жоқ.

Жұмысқа орналасуға ықпал ету үшін 412 адам хабарласса, олардың 203-і қоғамдық жұмыстарға жіберіліп, 11 миллион теңге игерілді. 415 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 18 орынға көп. Тұрғындарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы үлкен рөлге ие. Өткен жылы бұл бағдарлама бойынша 103 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның бірінші бағыты бойынша Жастар орталығының ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 19 тұрғын өз істерін ашуға шағын несие алды. Осының нәтижесінде 32 жаңа жұмыс орны ашылды. Шағын несие алушылардың арасында бір үшінші  топтағы мүгедек бар. Үшінші бағыт бойынша әлеуметтік жұмыс орнына 46 адам, жастар тәжірибесіне 24, мамандарды қайта даярлауға 7 адам жіберілді. 3 адам бухгалтер, экскаватор машинисі, тігінші мамандықтары бойынша кәсіби даярлықтан өтті. Ауданда 214 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың барлығында ұжымдық келісімшарт жасалған.
  Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мүмкіндіктері шектеулі адамдардың тұрмысына, олардың бөгетсіз жүріп-тұруына қарайласуға  ерекше назар аударылған. Мүгедектермен басым бағыттағы жұмыстардың бірі – әлеуметтік мекемелердің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Елді мекендер аумағында «Мүгедектердің тұру картасы» жасалды. Әлеуметтік инфрақұрылымдардың 165 нысаны төлқұжатталды. Өткен жылы 3 нысан оңтайландырылды. Мүгедектерге қызмет етуге бағытталған мекемелер маңына екі жол белгісі қойылды. 96 мүгедек жергілікті бюджет есебінен гигиеналық заттармен қамтамасыз етілді. Екі адам техникалық қосалқы құрал, алтауы мүгедектер арбасын алса, 13-і протездік-ортопедиялық көмек алды. 12 мүгедек «Алмаз» шипажайына емделуге жіберілді.  
2014 жылы көзделген 26 мүгедектің орнына осындай 44 адам жұмысқа орналастырылды. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі жұмыс істейді. Мұнда 37 әлеуметтік қызметкер 123 жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсетуде. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарды қолдау мақсатында әртүрлі әлеуметтік көмектер тағы бар.  Былтыр ауданда 37 адамға мекен-жайы бойынша әлеуметтік көмек берілді.
18 жасқа дейінгі балалары бар көптеген отбасылар мемлекеттік жәрдемақы  алады.  Аз қамтылған азаматтарға қаржыландырудың  барлық көздерінен әлеуметтік көмек көрсетілуде. 2014 жылдың басынан бері ауданда «Өрлеу» пилоттық жобасы жүзеге асырылып, 28 отбасы әлеуметтік келісімшартпен қамтылған. Бұл жобаның аясында 2,5 миллион теңге қаржылай көмек көрсетілді. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 9 мамыр мерекесіне қаржы бөлінді. Біздің жұмысымызға көмегін тигізетін фактор  әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде қабылданған меморандумдар болып табылады. Осылайша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ауданда  аз қамтылған тұрғындардың саны азайып отыр.
  Гүлзада ЖЕКЕБАЕВА,
Аршалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар