Көктемдей көңіл шуағы

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының  бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында бір топ  ақмолалық қыз-келіншектер мен әйелдерді  көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады.

Салтанатты қабылдауда болған отыз әйелдің бәрі де түрлі салаларда өз іскерліктерімен көзге түскен жандар. Олардың қатарында облыстық мәслихат хатшысы Нина Дьячек, еңбек және партия ардагерлері Зура Шуатаева, Қымбат Мұстафина, Зере Қиықова, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Мәрзият Тохаева, облыстық мәслихат депутаты Елена Мащинская, тағы басқалары бар.  Кездесуде соғыс ардагері Валентина Мазуроваға да құрмет көрсетілді.
Бүгінде облыста 8 мыңнан астам көп балалы ана бар. Сондай-ақ, 55 әйел түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары, бір әйел аудан әкімі, отыздан астам әйел белгілі кәсіпкерлер болып табылады. Кездесу барысында қонақтарға сый-сияпат жасалып, мереке құрметіне ән-биден шашу шашылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар