«Көкше іздеу»

Көкшетаудағы қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінде «Көкше іздеу» әскери патриоттық клубы курсанттарының ант қабылдау рәсімі өткізіліп, «Ерлік даңқы» музейінің тұсаукесері ұйымдастырылды.

Салтанатты рәсімде курсанттар клуб туын әкеліп, алғашқы сөзді колледж директоры Ғалым Оразалин алды. Ол шараға арнайы келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, Елбасының «Рухани жаңғыру» аясында әскери-патриоттық клубтың атқарып жатқан ізгілікті істерімен таныстырып, колледждегі білім алып жатқан курсанттарға сәттілік тіледі. Одан әрі сөз алған облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жұмылдыру басқармасы басшысының бірінші орынбасары Заңғар Ғаббасов, гуманитарлық-техникалық академиясының ректоры, профессор Әбілмәжін Аюпов, подполковник Мұса Елеусізов, облыстық ауған соғысы мүгедектері және ардагерлер одағының төрағасы Дуанбай Ыбырай жастардың салауатты өмір салтын ұстанып, Отанын, елін қорғаудағы патриоттық рухта тәрбиеленудегі болашағына сеніммен қарап, ризашылықтарын жеткізді.
«Ерлік даңқы музейі» салтанатты рәуіште ашылып, колледж директорының орынбасары Дана Балтабаева музейге қойылған жәдігерлермен таныстырып, соңы колледж білім алушыларының концертіне ұласты.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар