Ауыл дәрігері

Қазіргі уақытта елімізде денсаулық сақтау мәселесіне айрықша көңіл бөлініп отыр. Әсіресе, ауылдық жерлердегі халыққа денсаулық сақтау саласы қызметінің қолжетімді болуы өзекті мәселенің бірі. Осы орайда, Бурабай ауданында елді мекендердің дәрігерлік қызмет көрсету жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне үлкен мән берілген. Осы ауданның Кенесары ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктінің жұмысына ел тұрғындары дән риза екендігін айтқымыз келеді. Кенесарылықтар бала дәрігері Гүлмира Бекбаеваның кәсіби қызметіне дән ризалықтарын айтады. Бес жылдан бері қызмет істеп келе жатқан ол ауыл балаларының дені сау болып өсулеріне әрдайым қамқорлық жасап келеді.
Суретте: Кенесары ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктінің бала дәрігері Гүлмира Бекбаева.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар