Ақмола облысының прокуратурасында халықты жұмыспен қамту заңнамасының сақталуы мәселесі қаралды

2022 жылғы 7 сәуірде облыс прокуроры А.С. Майлыбаевтың төрағалығымен кезекті алқа отырысы өтті. Онда жергілікті атқарушы органдардың 2021 жылғы қызметінде халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуын талдаудың  нәтижелері қаралды.

Отырысқа облыс әкімінің орынбасары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, аудан, қала әкімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, халықты жұмыспен қамту орталықтарының басшылары қатысты.

Талдаумен халықты жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыруға арналған бюджет қаражаттарын тиімсіз пайдалану, жалған жұмысқа орналастыру, сондай-ақ нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша берілген гранттарды мақсатсыз пайдалану фактілері анықталды.

Отырыс нәтижесі бойынша жергілікті атқарушы органдардың халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз етудегі  қызметтерінде заңдылықты нығайтуға бағытталған бірқатар шаралар қабылданды.

Ақмола облысының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар