Көкшетаудың іргесінде 1,5 гектар аумақты шарпыған дала өрті сөндірілді

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында 1,5 гектар аумақты шарпыған дала өртінің саяжай алабына жайылуына жол берілмеді.

«Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 24 адам және 6 техника, сондай-ақ азаматтық қорғау академиясының курсанттары жұмылдырылды. Өрт сағат 21:30 сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», – деді ведомстводан.

Осы ретте, Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау көбінесе шөптің, одан соң орман алқабының өртенуіне әкеп соқтыратынын еске салады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар