Мұзды қопсыту және ұсақтау жұмыстары аяқталды

Өңірде күрделі су тасқыны жағдайын болдырмау мақсатында елді мекендерден қар шығару, су өткізу құрылыстарын, каналдар мен арықтарды тазарту бойынша алдын алу су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жағдайды мониторингілеу бойынша күндізгі уақыттажұмыстың үздіксіз жүргізілуін қамтамасыз ететін облыста және Аршалы мен Целиноград аудандарында су тасқынына қарсы штабтарының жұмысы басталды.

Су тасқыны қаупі бар өзендерде тәуекелдерді болдырмау үшін гидротехникалық құрылыстарда жедел шаралар қабылдау үшін тәулік бойы бақылау бекеттері қойылды.

Облыстың 10 ауданында Жабай, Сілеті, Қарасу, Қызылсу, Жанысай, Есіл, Сарқырама, Жыланды, Аршалы, Колутон, Талқара, Боксук, Есіл және Нұра өзендерінің қауіпті учаскелерінде мұзды қопсыту және ұсақтау жұмыстары аяқталды. Орындалған жарылыс жұмыстарының жалпы ауданы 21 мың шаршы метрді құрады.

Облыста көктемгі су тасқынының алдын алу үшін елді мекендерден 900 мың текше метрден астам қар шығарылды, 315 тонна ЖЖМ, 17 мың тонна инертті материалдар және 91 мың қап дайындалды. Автомобиль және темір жолдардағы 800-ге жуық су өткізу құрылыстары мен 133 көпір тазартылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар