Щучинск қаласында базар өртеніп, бір адам көз жұмды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін түнгі 04:50 шамасында болды. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 97 қызметкер және 25 техника, жергілікті атқарушы органдардың 3 адам және 3 техника тартылды.

«Ақмола облысының Щучинск қаласында «Жомарт» базарынан өрт шықты. Қызыл жалын 1700 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт 45 минуттың ішінде ауыздықталды.

Өрт сөндіру кезінде ер адамның денесі табылды. Алдын ала анықталған мәліметтер бойынша, ер адам базар күзетшісі болуы мүмкін. Қазіргі кезде оның жеке басын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, өрт болған жерде өрт-техникалық сынақ зертханасы, полиция қызметкерлері жұмыс істеуде», – деді ведомстводан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар