Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдің бірқатар аудандарында су тасқынына қарсы қажетті шаралар қабылдануда. Қазіргі таңда бес аудан аумағында 98,2 мың текше метрден астам су сорылып, инертті материалдар толтырылған 4710 қап төселді. Барлығы 59,1 шақырымнан астам аумақта арналар мен арықтар тазартылды. Облыстың 16 ауданының аумағынан 274 мың текше метр қар шығарылды.
Қазіргі уақытта су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін ТЖД, ЖАО және ПД 422 адам, 158 техника, 41 мотопомпа жұмылдырылды.
Гидробекеттердің аумағындағы өзен арналарында қардың еруімен байланысты судың деңгейі көтерілгені байқалады.