Азаматтық қорғаныс полкінің әскери қызметшілері су тасқынын жоюға көмек көрсетуде

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола облысында су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу үшін Қарағанды қаласындағы 52859 әскери бөлімінің 40 әскери қызметшісі мен төрт техникасынан тұратын екі құтқару тобы көмекке келді.

Сонымен қатар, 1-ші сәуірден бастап Целиноград және Аршалы аудандарының аумағында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін 112 адам жіберілді. Оның ішінде Ақмола облысының ТЖД 105 адам және Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД 7 адам бар. Бұл ретте 26 бірлік техника, 3 мотожол және 25 бірлік мотопомпа жіберілді.

Әскерилер, құтқарушылар және жергілікті атқарушы органдардың күшімен Целиноград ауданының Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Арайлы, Қаражар, Қызылжар, Ақмол, Қабанбай батыр, Қызылсуат және Жарлыкөл кенттерінде және басқа да елді мекендерінде еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде. Қар еріген сәттен бастап тек Целиноград ауданында 200 мың текше метр су сорылды.

Жалпы, тасқын суларды қауіпсіз өткізу мәселесі Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев пен ТЖД бастығы Нұрлан Атығаевтың ерекше бақылауында.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар