Ақмола облысында судьялар тағайындалды

Ақмола облыстық сотының кеңейтілген жалпы отырысында облыстық сот төрағасы Досжан Әмір Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған судьяларды таныстырды.

«Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 наурызындағы Жарлығымен Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы қызметіне Әріпхан Нартай Әскербекұлы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып тағайындалды. Шортанды аудандық сотына Оспанова Райхан Жайылханқызы Қостанай қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, тағайындалды. Жақсы аудандық сотына Сақанов Ринат Мирхатұлы, Сандықтау аудандық сотына Сәдірмекова Арайлым Тәліпбекқызы, Біржан сал ауданының сотына Әбдірайымов Фархат Уәлбекұлы тағайындалды.

Досжан Әмір тағайындалған судьяларды қызметке кірісуімен құттықтап, сот төрелігін сапалы іске асыруда заң үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың сотқа деген сенімін нығайтуға тапсырма берді.

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі.

 268 Total Views,  2 Views Today

By Арқа ажары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар