ҚР Кубогында екі алтын медаль иеленген ақмолалық Сурдлимпиада ойындарына жолдама алды

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Тараз қаласында грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Ақмола облысының сурдоспортшылары әр түрлі дәрежедегі бес медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте үшінші орынға ие болды.

Грек-рим күресінен 60 кг салмақ дәрежесінде Алдияр Балташев чемпион атанса, 55 кг салмақта Далабай Рысбек күміс жүлде алды. Үздік үштікті Мұхамедқали Бауыржан (60 келі) мен Ардан Амангелді (67 келі) түйіндеді.

Еркін күрестен 61 кг салмақта Алдияр Балташев күміс жүлдегер атанды.
Балалардың жаттықтырушылары Ерсанна Капаров пен Ниязбек Бекішев айтып өткендей, екі алтын медаль иеленген Алдияр Бразилияда өтетін Сурдлимпиадалық ойындарға жолдаманы алды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар