«Бала дауысы» жетінші маусымы!

1 сәуірден бастап Ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауының жетінші маусымы басталады. Конкурс ұйымдастырушылары еліміздегі дарынды балақайлармен жаңа кездесулерді асыға күтуде!

5 сәуір мен 15 мамыр аралығында өтететін қашықтан іріктеу кезеңі өзінің жаңа маусымын ашады. Оған қатысу үшін Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі 8 жас пен 12 жас аралығындағы балалар шақырылады. Іріктеу кезеңіне қатысу өтінімін www.baladauysy.kz сайты арқылы беруге болады.

20 мамырда кәсіпқой қазылар алқасы қашықтан іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша әр аймақтан бір-бір орындаушыдан 17 финалға жолдама алатын қатысушыны таңдайды.

1 маусым мен 1 қазан аралығында 17 финалистке арнап вокал, хореография, актерлік шеберлік сабақтары, белгілі мәдениет және өнер қайраткерлерінің шеберлік-кластары, фотосессиялар, телевизиялық роликтердің түсірілімдері ұйымдастырылады. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін балалар Көк Төбе саябағында концерттік бағдарламасын ұсынады.

Дәстүр бойынша осы кезең ішінде әрбір финалға қатысушыға жеке дизайн бойынша имидждік және сахналық костюмдер тігіледі, бейне контент әзірленіп, отандық композиторлар жазған жаңа балалар әндері сыйға тартылады. Конкурс аясында жазылатын барлық авторлық композициялар  байқаудың сайтына орналастырылады, оларға еркін қол жеткізуге болады.

Байқаудың финалдық концерттік бағдарламасы қазан айының 8-де Алматы қаласындағы Республика сарайының сахнасында өтеді. Балалар көрермендерге ұмытылмайтын шоуды сыйға тартады, онда балалар Илья Башкатовтың басқаруындағы бэндтің сүйемелдеуімен танымал қазақстандық композицияларды сольдік түрде орындайды.

«Бала дауысы» конкурсының Гран-при иегеріне еліміздің ең беделді оқу мекемелерінің бірінде оқуға Грант және әйгілі ертегі елі Лапландияға шақырту табысталады! Дипломанттарға 11 номинация бойынша атаулы мүсіншелер мен бағалы сыйлықтар табысталады және олардың болашақта шығармашылық дамуына қолдау көрсетіледі.

«Бала дауысы» байқауының әлеуметтік жоба, яғни балалар бұл байқауға тегін қатысады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар