«Серпінмен» бірге

Шағалалы агробизнес колледжінде «Серпінмен нұрлы болашаққа!» республикалық слеті өтті.

Облыстық білім басқармасы, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы республикалық штабының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған шарада оқушы жастар өздеріне оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін «Серпін-2050» бағдарламасы туралы еркін пікір алмасты.   
Бүгінгі таңда  бұл бағдарламаға 2 мыңнан астам ұл-қыз іріктеліп алынған. Олар солтүстік өңірлердегі 8 жоғары және 25 орта арнаулы оқу орындарында білім алуда. Ақмола облысы бойынша Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде 138 студент, Щучинск экология және орман шаруашылығы колледжінде 22, Шағалалы агробизнес колледжінде 75 оқушы оқиды. Бұлар мамандық алғаннан кейін біздің өңірде қалып, еңбекке араласуы тиіс.
Слетке қатысып, сөз сөйлеген  жобаның республикалық штабы үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов бағдарлама мақсаты, оны   іске асыруда алда тұрған міндеттер туралы айта келіп,  жастар жобаның ойдағыдай орындалуына белсене атсалысатындарына сенім білдірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар