Көкшетаулық каратэшілер халықаралық турнирде топ жарды

Көкшетаулық каратэші қыздар Жапония елінде өткен халықаралық турнирде алтын және күміс медаль иеленді.
Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның мәліметі бойынша Тодо қаласында өткен байрақты жарысқа әлемнің 15 елінен келген 1500 спортшы қатысып бақ сынады. Оны ішінде ұлттық құрама сапында татамиге шыққан ақмолалық қыздар Нарқыз Ұзақбаева және Әлемгүл Сабырхан жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Турнирде 55 салмақ бойынша сынға түскен Нарқыз Ұзақбаева ақтық кездесуде Испания спортшысынан айласын асырып чемпион антанса, Әлемгүл Сабырхан 55 жоғары салмақта татами иесі жапондық қызға есе жіберіп алды. Қарсыластар кездесудің негізгі және қосымша минуттерінде тең түсті. Жеңімпазды анықтауға төрешілер араласып, салмақ айырмашылығы бойынша жеңісті жапон қызына берді.
Аслан Оспанов.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар