29 наурыз күні Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Астана қаласының жылу-электр орталығының жұмысшыларымен кездесу өткізді.

Кездесуге сондай-ақ, сайлауалды штабының жетекшісі Айқын Қоңыров қатысты.
Өз сөзінде Тұрғын Сыздықов кездесуге қатысушыларды сайлауалды тұғырнамасының негізгі қағидаларымен таныстырды.
Сондай-ақ, ол ХІХ ғасырдағы ғылыми коммунизмнің негізін қалаушылар – Карл Маркс пен Фридрих Энгельс тарихи тәжірибеге негізделе отырып, қоғамдық дамудың объективті заңдарын жасай келе, адами қоғамды жаңа коммунистік формацияға көшіру қажеттігін теориялық негізде дәлелдеп бергенін атап өтті.
«Біз ғылыми коммунизм идеясын жалғастыруға қарай үлкен қадам жасадық. Дамудың көп кезеңді жолдарынан өттік.
Партияда партиялық бұқараны бақылау, оны бюрократияландыруға жол бермеу, даму үрдістерін болжау, ауыспалы жағдайға дер кезінде әрекет етудің тұрақты механизмдері жұмыс істейді.
Мұның бәрі өмірдің тұрмыстық қажеттіліктерінен туындап, бұқараның шынайы шығармашылығына негізде-
леді», – деп көрсетілген Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасында.
Сонымен қатар, кандидаттың сайлауалды бағдарламасында батыстық мәдениет пен құндылықтардың көлеңкелі әсері жайында мәселе көтерілген.
«Жаһандық компьютерлендіру мен батыстық электрондық БАҚ қоғамның сана-сезімін улап, адамдардың арасына іріткі салу үшін индивидуализм принципін насихаттауда, бұл өз кезегінде ғаламшардың мәдени тұтастығының құлдырауына алып келуі мүмкін.
Еуропалық елдерде тұтынушылық қоғам құрылымдарының қалыптасуынан туындаған батыстық мәдениет дағдарысы батыстық өркениеттің әмбебап құндылықтар мен әлеуметтік тұрмыс-тіршілік нормаларына деген наразылықтарына қарама-қайшы келуде.
Батыстың кемшіліктері әсіресе, мәдениет саласында анық байқалады.
Оған қоса, кандидат Тұрғын Сыздықовтың сайлауалды бағдарламасында батыстық
кинематография стандарттарының кері әсері туралы мәселелерге мән берілді.
«Кинематографияның батыстық стандарттары зорлық-зомбылыққа, азғындыққа тәрбиелейді. Осыдан барып қатыгез күштердің, жағымсыз кейіпкерлердің өз заңдарын насихаттауға жол ашылды.
Батыстық әдебиеттің де жағдайы мәз емес. Ол әлемдік мәдениеттегі өзінің бұрынғы әлеуетінен айырылып, зорлық-зомбылық пен бұқаралық әдепсіздікті насихаттайтын кинематографияның жетегінде кетті», – деп көрсетілген Т.Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасында.
Кездесу соңында штаб жетекшісі А.Қоңыров жиын қатысушыларына жүргізіліп жатқан насихат жұмыстары жайында айтып берді.
«Штабымыздың сенімді тұлғалары анықталды. Олар барлық ақпараттық жұмыстарды жүргізетін болады. Қолымызда жұмыс жоспары бар. Бірқатар кездесулер мен іс-шаралар жоспарланған, – деді А.Қоңыров.

* * *

 

30 наурыз күні Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовтың аймақтық сайлауалды штабының таныстырылымы өтті.
Аймақтық штабтың жетекшісі болып Талғат Телубаев тағайындалды. Ол  партияда 4 жылдан аса жұмыс істеп келеді. Мамандығы журналист, біраз уақыт мұғалім болып қызмет атқарды.
Бір ай көлемінде штаб Т.И.Сыздықовтың кандидатурасын қолдау аясында бірнеше іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.
Т.Телубаев кандидат Тұрғын Сыздықов-тың сайлауалды үгіт-насихатының негізгі бағыттары жайында қысқаша әңгімелеп, батыстық тамақтану мәдениетінің
зияны Т.Сыздықовтың сайлауалды бағдарламасының басты тақырыптарының бірі екенін де еске салды.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар