Сапалы өнімге сұраныс жоғары

Облысымыздағы «Қазақстанда жасалған» сауда белгісімен тауар шығаратын кәсіпорындардың өніміне сұраныс артып келеді.
Отандық өндірісті дамыту мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық акциясын қолдау үшін «Қазақстанда жасалған» тауар өндірушілер және кәсіпкерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі құрылған болатын. Отандық тауарларды сәйкестендіру үшін тауар өндірушілер өз өнімдеріне «Қазақстанда жасалған» бірыңғай тауар белгісін қояды. Бұл белгіні тегін қолданады. Бірақ оны «Қазақстанда жасалған» тауар өндірушілер және кәсіпкерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мүшелікке енгендер ғана қоя алады. Осы ретте, аталмыш қауымдастықтың басты міндеті «Қазақстанда жасалған» сауда белгісін импорттық өнімдерге қолдану сияқты заңсыздықтарға жол бермеу болып табылады.
Бастапқыда отандық тауар өндірушілер өнімнің Қазақстанда жасалғанын білдіретін белгіні рұқсатсыз алып қолданса, енді белгі тауар өндірушілер және кәсіпкерлер қауымдастығының http://atpsk.kz сайтында тіркелу арқылы жүзеге асырылады. Қазірдің өзінде еліміз бойынша 196 отандық компания тіркелген. Олардың қатарында облысымыздағы «Тыныс», «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамдары мен «КапиталНатурПродукт», «Айбат», «SAMHAT» аяқ киім фабрикасы», «Арман» тоқыма фабрикасы», «KAZYNA-SR», «TNK» агрофирмасы», «Ақпан 17», «Ет өнімдері», «ҚазОрман», «Тұрмыстық химия зауыты», «ENKI», «Родина» агрофирмасы» және «Жанет» серіктестіктер тәрізді 14 кәсіпорын бар. Ақмолалық тауар өндірушілер шығарған табиғи, сапалы өнімдерге елімізде және шетелде үлкен сұранысқа ие. Қазіргі кезде, Астана қаласында үш «AQMOL» дүкен желісі жұмыс істейді. Оған ақмолалық 70 тауар өндіруші өз өнімдері жеткізуде. Жыл соңына дейін тағы жеті дүкен ашу жоспарда бар.
Облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар