Зағиптар көмекке зәру

Облыстық кітапханада  Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы  Ақмола облыстық филиалының ұйымдастыруымен зағип және нашар көретін жандарға арналған «Шектеулі мүмкіндік – шектеусіз қажеттілік» атты тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті.

Соңғы жылдары облыста мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсарту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жергілікті бюджет есебінен мүгедектерге қажетті құралдар сатылып алынды. Сондай-ақ,  шипажайлық-курорттық емделуге жолдамалар беріледі. Алайда,  ең қордаланған мәселелердің бірі – жарымжан  жандарды жұмысқа орналастыру болып табылатыны жасырын емес.
Басқосуда сөз алған аталған партияның облыстық филиал төрағасы Бейсенбай Мәжитов мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық жасау қажеттігін жеткізді. Оның айтуынша, оларды жұмыспен қамтуға конкурстық жүйе кедергі келтіреді.  Маңыздысы, жұмысқа уақытша емес, тұрақты түрде орналастыру мәселесін түбегейлі шешкен жөн. Бұл – Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында қойған басты міндеттердің бірі.  Әсіресе, мүгедектерге еңбек етуге толық мүмкіндік жасаған кәсіпорындарға мемлекет тарапынан жеңілдік қарастырылса деген ұсыныс та  айтылды.
Облыстық кәсіпкерлер палатасы басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Айжан Тәжмиева өз сөзінде мүгедек жандарға қол ұшын беру еліміздегі әлеуметтік жағдайды оңалтуға септігін тигізетініне тоқталды. Палата осы іске белсенді ат салысуды көздеп отыр.
«Қазақ зағиптар қоғамының  Көкшетау оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Батырхан Ахметов өз сөзін  мекеменің бүгінгі тыныс-тіршілігінен бастады. Өндірістік цехта мүмкіндігі шектеулі жандардың қолымен әлеуметтік мекемелерге қажетті көрпе-жастық пен киім-кешек тігіледі. Алайда, өнімді сату жұмысы тұралап қалған көрінеді. Кәсіпорын мемлекеттік сатып алуларға қатысқанымен, оны жеңіп ала алмауда. Сондықтан, осы  заңға өзгерістер енгізіліп, зағип жандардың еңбегі  еленсе құба-құп.
Жиында білдірілген барлық ұсыныс-тілектер Парламенттегі «Халық коммунистері» фракциясына жолданатын болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар